Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2014 жылғы ювеналдық соттардың жұмысының негізгі қорытындылары бойынша брифинг өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2014 жылғы ювеналдық соттардың жұмысының негізгі қорытындысы бойынша брифинг болып өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/bugin-kr-prezidentinin-zhanyndagy-ortalyk-kommunikaciyalar-kyzmetinde-2014-zhylgy-yuvenaldyk

0
0
360

Премьер-Лига клубтарына әйелдер командалары да қосылуы мүмкін

Қазақстанда алдағы уақытта ерлер арасындағы Премьер-Лига клубтарына әйелдер командаларын қосу мәселесі қаралмақ. Бұл туралы әйелдер футболының 2015 жылғы маусымының ашылуына орай өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Бағлан Ергешев, Қазақстан футбол федерациясы әйелдер комитетінің төрағасы Бауыржан Әбдубайытов және әйелдер футбол бөлімінің жетекшісі Әнуар Биданов баспасөз мәслихатына қатысып, онда футболдан ҚР Чемпионаты мен Кубогына қатысатын командалардың капитандары мен қақпашыларына ойын жейдесі табыс етілген. «ФИФА Ұлттық әйелдер лигасын қолдау бағдарламасы бойынша Қазақстан әйелдер лигасына алғаш рет ойын жейделері мен футболға арналған жабдықтарды табыс етіп отыр. Біз УЕФА мен ФИФА тарапынан үлкен сенімді түсінеміз және барлық жобаларды сәтті ж…

0
0
356

Атырауда студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы флэшмоб өткізді.

2015 жылғы 7 сәуірде Департамент пен Жастар саясаты мәселелері басқармасы, сонымен қатар «4 билік» қоғамдық бірлестігі студенттер арасында «Парасыз сынақ кітапшасы! Жемқорлық тоқта!» флэшмоб түрінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акция өткізді.

Кіріспе сөзден соң, Мұнай және газ институтының ректоры А.А.Абишев жастар арсында мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін  алталған іс-шараның маңыздылығын айтып өтті.

Іс-шараға Мұнай және газ институтының 100-ден аса студенттері қатысты. Сары футболкалар мен қызыл бейсболка киген көптеген жасатар «Парасыз сынақ кітапшасы!» стикерлері жапсырылған сынақ кітапшаларын алып шықты. Барлық жастар бір ауыздан «Жемқорлықсыз сессия!» айқайымен көк-ала шарларды ұшырды.

0
0
1410

Астанада әлемдік деңгейдегі эпилептолог мамандар осы аурудың күрделі түрімен ауыратын науқастарға кеңес береді

Бүгін Астанада «Эпилепсия: проблемалар және көмекті жақсарту бойынша стратегия» тақырыбында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Жиынға Қазақстан, ТМД елдері және алыс шетелдерден (АҚШ, Италия, Швеция, Ұлыбритания, Греция) неврология және эпилептология саласының 300-ден астам маманы қатысуда. Аталған іс-шара аясында ағымдағы жылғы 9-10 сәуірде әлемдік деңгейдегі дәрігер-эпилептологтар аурудың ауыр түріне шалдыққан науқастарға кеңес береді. Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Эпилепсияға қарсы Қазақстанның Ұлттық Лигасы, «С.Қайшыбаев атындағы неврология институты» ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің неврология кафедрасы, Халықаралық эпилепсияға қарсы лиганың Еуропалық комиссиясы. Эпилепсия (қоян…

0
0
291

ҚР ДСӘДМ-де Қазақстанда эпилептологиялық көмек көрсету жүйесінің болашақтағы дамуын талқылады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова Дүниежүзілік эпилепсияға қарсы лиганың президенті, Италияның профессоры Эмилио Перукканың басшылығымен «Эпилепсия: емдеу мәселелері мен стратегиялары» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысушы делегаттармен кездесті. Салидат Қайырбекова, конференцияны өткізудің эпилепсияға шалдыққан қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуда ары қарай белсенді әріптестікті дамытуға ықпал ететініне үміт артатынын білдірді. Сонымен қатар, Қазақстанда Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылып жатқанын, оның шеңберінде медициналық -санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру рөлінің күшейтілуіне, қаржыландырудың…

0
0
268

Заттыбек Көпбосынов:«Ән дария» – кез келген орындаушы үшін бар мүмкіндігін көрсететін жоба

«Еуразия» бірінші арнасында басталған жаңа «Ән дария» музыкалық жобасы әрбір жексенбі сайын сүйікті отандық орындаушыларды бір сахнаға жинайтын болады. Жоба түсірушілері бағдарламада аса сапалы, тіпті эксклюзивті деп айтуға тұрарлық репертуар ұсынылады деп сендіруде. Жобаға шақырылған әртістер орындайтын әндердің ерекшелігі – олар қазақстандықтардың жүрегіне жол тапқан ретро композициялар. Бағдарлама қонақтарының бірі танымал әнші Заттыбек Көпбосынов болмақ. Мұны ретро әндер жобасы деді. Сіз өзіңіздің қандай әндеріңізді орындайсыз? Мен халықтың ең жақсы көретін, өзімнің «Ақмаржанымды» орындаймын. Одан кейін халықтың танып жатқан, біліп жатқан әндерімнен бұл жобаға 7-8 әнімді сұрап отыр. Оның ішінде «Перзент тілегі» деген ата-анаға арналған ән бар. Қалғаны бұрынғы, халықтың арасында танылғ…

0
0
1328

Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Оңтүстік-Қазақстан облысына келді

Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Оңтүстік-Қазақстан облысына келді. Шымкентте РҚШ мүшелері ұлт Лидері жақтастарының Форумына қатысты, Түркістан қаласының жұртшылығымен, Кентау трансформатар зауытының қызметкерлерімен кездесті. Делегация құрамында – Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, әйгілі спортшылар мен әртістер бар. Шымкенттегі «Мұз сарайында» Ұлт Лидері жақтастарының Форумы өтіп, оған мыңнан астам оңтүстікқазақстандықтар қатысты. Форумның қатысушылары бірауыздан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдірді және 26 сәу…

0
0
691

ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы аймақтық штабтарының жұмысы

Президенттікке үміткер Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық штабы сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы сенімді тұлғалары оның сайлауалды тұғырнамасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт материалдарын таратумен айналысады. Оңтүстік Қазақстан облысында 19 сенімді тұлға бар. Оның бәрі алдағы сайлау жұмыстарына қызу дайындалып жатыр. Үгіт-насихат материалдарын таратып, плакаттар мен үнпарақтарды іліп, ауылды жерлерде билбордтар орнатуда. Тағы бір мәселе – кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын насихаттау. Белсенділер үгіт-насихат науқанының заңға сәйкестігін қатаң бақылауда ұстайды. ҚР Президенттігіне үміткер Әбілғазы Құсайыновтың сенімді тұлғасы Айгүл Бекбосынның айтуынша, штабта үгіт-насихат жұ…

0
0
440

ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экология саласына негізделген өз сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды. Ә.Құсайынов жиынға қатысушыларға жаһандық экологиялық қызметтің негізгі векторлары туралы баяндап, табиғатты қорғау мәселесінде ғылымның маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бұл – экологиялық қауіпсіздік, климат пен су ресурстарын, «жасыл» технологияны зерттеу жұмыстарын қоса алғанда, бірталай міндеттер кешенін қамтитын маңызды мақсат. Кандидаттың айтуынша, әлемде күні бүгінге дейін экологиялық проблемаларға тиісті назар бөлінбей келеді. Халықаралық қауымдастықтар мен мамандандырылған ұйымдардың атқарып жатқан экологиялық…

0
0
526