ҚР президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың Екібастұздағы «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесуі
Бүгін Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Екібастұз қаласында «Екібастұз-Энергоцентр» ЖШС ұжымының өкілдерімен кездесті. Кездесу басында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталды – батыс мәдениетінің және батыстық жүйе құндылықтарының теріс ықпалы. «Менің сайлауға қатысуыма басты себеп, мені үнемі мазалайтын батыстық құндылықтар мен батыстық көзқарастардың кең таралуы», - деді кандидат. Өз сөзінде Т.Сыздықов, Коммунистік халықтық партиясы қызметінің негізінде – тұтас, бірізді ғылыми дүниетанымға сүйенген марксизм-ленинизм идеялары туралы айтты. Коммунистердің кандидатының сайлауалды тұғырнамасында, «марксизм ғылымды дамытудағы жаңашылдықтар мен жаңа мәліметтерді тарату негізінде ү…

