Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырауда студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы флэшмоб өткізді.

2015 жылғы 7 сәуірде Департамент пен Жастар саясаты мәселелері басқармасы, сонымен қатар «4 билік» қоғамдық бірлестігі студенттер арасында «Парасыз сынақ кітапшасы! Жемқорлық тоқта!» флэшмоб түрінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды акция өткізді.

Кіріспе сөзден соң, Мұнай және газ институтының ректоры А.А.Абишев жастар арсында мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін  алталған іс-шараның маңыздылығын айтып өтті.

Іс-шараға Мұнай және газ институтының 100-ден аса студенттері қатысты. Сары футболкалар мен қызыл бейсболка киген көптеген жасатар «Парасыз сынақ кітапшасы!» стикерлері жапсырылған сынақ кітапшаларын алып шықты. Барлық жастар бір ауыздан «Жемқорлықсыз сессия!» айқайымен көк-ала шарларды ұшырды.

0
0
1397

Осы тақырып бойынша

Атырауда студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы флэшмоб өткізді. - Yvision.kz