Сирия оппозиция өкілдерінің Астанадағы келіссөздері аяқталды
БЕРІК ДҮЙСЕНБАЙ, ТІЛШІ: 30-ға жуық Сирия оппозициясының өкілдері Таяу Шығыстағы елдің тағдырын 4 күн бойы Астанада талқылады. Не айтты, белгісіз. Жиын әрине жабық өтті. Бірақ бүгін олар негізгі байламдары туралы бізбен бөлісті. Соғыс тоқтау керек, бейбіт реттеу процестеріне саяси платформа қажет және ең бастысы Башар Асад режимі құлатылып, Сирияның жаңа бағытта, жаңа форматта дамуы маңызды. Бұл шарттардың жүзеге асуы мүмкін бе? Баспасөз жиынына келіссөзшілердің үшбу ұстанымын алып үш өкіл келді. Бірі еуропалық мәнерде киінген әйел азаматша, бірі күрд қозғалысының белсендісі, ал үшіншісі тіпті Америкада тұрады екен. Айтуларынша, Асад режимімен тіл табысу үшін Ортақ дұшпанға қарсы күреске арқа сүйемек. АММАР АБДУЛ ХАМИД, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ СИРИЯНЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:…