Сыбайлас жемқорлық балалардың көзқарасымен.
Ағымдағы жылғы 02 желтоқсанда облыстық Шаймардан Сариев атындағы өнер музейінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай мектеп оқушыларының арасында «Сыбайлас жемқорлық балалардың көзқарасымен» атты көрме өткізілді. Көрме сыбайлас жемқорлық мәселесіне назар аудару, сыбайлас жемқорлықтың әрбір салдарына мүлдем төзбеушілік ахуалын туғызу мақсатында өткізілді. Көрмеге 100-ге жуық оқушының 111 жұмысы қойылды. Олардың ішінен «үздік жұмыс» номинациясы бойынша Кіші өнер академиясының оқушысы - Елемесов Диас, «мағыналы жұмыс» номинациясы бойынша Аққыстау орта мектебінің оқушысы – Жұмабекова Зере Асхатқызы және «көрермендер көзаймы» н…

