Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР ДСӘДМ-де Қазақстанда эпилептологиялық көмек көрсету жүйесінің болашақтағы дамуын талқылады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова Дүниежүзілік эпилепсияға қарсы лиганың президенті, Италияның профессоры Эмилио Перукканың басшылығымен «Эпилепсия: емдеу мәселелері мен стратегиялары» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысушы делегаттармен кездесті.

Салидат Қайырбекова, конференцияны өткізудің эпилепсияға шалдыққан қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуда ары қарай белсенді әріптестікті дамытуға ықпал ететініне үміт артатынын білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстанда Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылып жатқанын, оның шеңберінде медициналық -санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру рөлінің күшейтілуіне, қаржыландырудың өсуіне, аурулардың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп, белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Перукка мырза Дүниежүзілік эпилепсияға қарсы лиганың эпилепсияға шалдыққан адамдарды диагностикалауда және емдеудегі сапасын жақсартуда ҚР ДСӘДМ қолдағаны үшін алғыс айтып, ынтымақтастықтың  жалғасатынына сенім білдірді.

Кездесудің соңында Салидат Қайырбекова Дүниежүзілік эпилепсияға қарсы лиганың басшысына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан қолдау көрсететініне сенім білдірді және жұмысына табыстар тіледі.

Ағымдағы жылғы 9-10 сәуірде Астана қаласында ҚР ДСӘДМ және Дүниежүзілік эпилепсияға қарсы лиганың қолдауымен «Эпилепсия: емдеу мәселелері мен стратегиялары» тақырыбында халықаралық конференция өтетінін естеріңізге саламыз.

Іс - шараға Қазақстаннан, ТМД және алыс шетелдерден 300 - ге жуық  неврология және эпилептология саласындағы мамандар қатысады.

 
0
0
256

Осы тақырып бойынша

ҚР ДСӘДМ-де Қазақстанда эпилептологиялық көмек көрсету жүйесінің болашақтағы дамуын талқылады - Yvision.kz