Мазмұнға өту

Жаңа

«Достығы жарасқан, бақытты ел Қазақстан!»

«Алтау ала болсы ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» - деген қазақ даналығы, ел бірлігін ту еткен қазақ елінің басты ұстанымыекені баршамызға белгілі. Осы орайда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялап, бірнеше жылдан бері атап өтудеміз. Аталмыш мерекені кеңінен атап өту мақсатында «ХҚКО» РМК Жамбыл облыстық филиалының қалалық және аудандық бөлімдерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесулер өткізілді.

0
0
7121

«Мобилді үкімет» қосымшасын ұйялы телефондарыңызға жүктеуге мүмкіндік туды

«Электронды үкімет» бағдарламасы ел игілігі үшін жасалған жоба екендігін уақыт дәлелдей білді. Бағдарлама қысқа мерзім ішінде ұдайы даму үстінде. Веб-портал арқылы 2000-ға жуық мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік тудырды. Қазіргі таңда, қол жетімділіктті арттыру мақсатында ұялы телефондарға арналған «Мобилді үкімет» қосымшасы іске қосылғанын баршаңыз білесіздер. Осы орайда, «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының қызметкерлері облыс аумағындағы 3 университеттің және 30-ға жуық колледждің оқытушылары мен студенттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш қосымшаны ұялы телефондарына жүктеп, пайдалану мен оның артықшылықтарын атап өтті. Іс-шара барысында 1000-ға жуық азамат қамтылды. «Электронды үкімет» бағдарламасы ел игілігі үшін жасалған жоба екендігін уақыт дәлелдей білд…

0
0
642

Қазақстан жазушылар одағы Нұрсұлтан Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімімен құттықтайды

Жоғары мәртебелі Елбасы! Сізді салтанатты ұлықтау рәсімімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан халқы талай белестерге қол жеткізді: еліміз дамудың жаңа сатысына көтеріліп, экономикалық және әлеуметтік өсімді қамтамасыз еткен берік мемлекеттік жүйе қалыптасты. Қазақстандықтардың әл-ауқаты бірнеше есеге артты. Осының бәрі – Сіздің сарабдал саясатыңыздың жемісі. Ұлықтау рәсімінің Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңына тұспа-тұс келуі де кездейсоқ емес. Себебі Сіздің көреген басшылығыңыз бейбітшілік пен келісімнің айнымас кепіліне айналып, көпұлтты елімізді ұлы жетістіктерге жеткізді. Осы тұста ұлтаралық татулық тақырыбының Сіз ұсынған бес институционалдық реформада қамтылуы аса қуантады. Себебі бүгінгі жетістіктерімізге біз мызғымас бірліктің арқасында қол жеткіз…

0
0
623

Маңызы зор кездесу

28 сәуір күні ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша Департамент қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді. Семинар кеңеске Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарынмен және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндірді. Семинарға департамент басшылығы және қызметкерлері барлығы 30 адам қатысты.

Сонымен қатар, департамент ұжымына жемқорлық профилактикасы бағытында және call-center 1494 жұмысы туралы видеороликтер көрсетілді.

 
0
0
348

ҚР Ауылшармині РФ Астрахан облысынан құс өнімін әкелуге уақытша шектеулер енгізді

pravo_na_postavki_pticevodcheskoy_produkcii_v_EC
Ресей Федерациясының Астрахан облысында құс тұмауының (H5N1) таралуына байланысты 2015 жылғы 28-ші сәуірден бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Астрахан облысынан тірі құсты, инкубациялық жұмыртқаны, мамық түбіт және қауырсынды, құс еті мен термиялық өндеуден өтпеген (30 минут бойы 700С кем емес) барлық құс өнімдерін, құстарға арналған азық пен азықтық қоспаларды және де бұрын қолданыста болған құстарды асырауға, союға және бөлшектеуге қолданылған құрал-жабдықтарды кіргізуге уақытша шектеулер енгізді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz

0
0
205

«Connection Point»- өзіне -өзі қызмет көрсету секторы ХҚКО –ында

ХҚКО –да азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін, яғни азаматтар операторды тоспай-ақ, өз беттерінше электронды қызметтерді ала алатын "Connection Point" деп аталатын -өзіне -өзі қызмет көрсету секторы жұмыс жасай бастады. "Connection Point" секторының арқасында компьютермен жұмыс істей алмайтын азаматтар ХҚКО-да өз беттерінше «электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет алуды және пайдалануды үйренеді. Бұл өз кезегінде үйден шықпай –ақ барлық мемлекеттік қызмет түрлерін «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні "Connection Point"- өзіне- өзі қызмет көрсету секторы ХҚКО –ның ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл сектор арқылы азаматтар электронды сандық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда немесе жаңа үлгідегі жеке куәлігінің көмегімен «электрондық үкімет» порталының…

0
0
828

«Елбасымен бірге-жаңа жеңістерге!»

Мемлекет басшының жоғары лауазымын ұлықтау рәсімін Павлодар өңірінің жастары  «Жастар бастамаларын дамыту орталығында » тікелей эфир арқылы  тамашалады.  Елбасының ұлықтау рәсіміне орай  жастар флэшмоб өткізді.  «Елбасымен бірге-жаңа жеңістерге!» ұранымен көк түсті  шарларды жастар  аспанға ұшырды.

0
0
504

«Жастарға шеберлік – сабақтары»

Жастар өнерінің түрлерін, жастар шығармашылығының заманауи түрлерін, сызбаларын дәріптеу мақсатында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің оқытуға жәрдемдесу және бос уақытты ұйымдастыру бөлімі 29 сәуір күні көркем суретші-графистшілер жастарға  шеберлік – сабақтарын өткізді.

«Граффити» шеберлік - сабақтың  тақырыбы: «Космический боулинг» деп аталды.  Шеберлік сабақтың аясында графика өнеріндегі дағдылар мен білімдерін дамытуға үлес қосатын ұсыныстар айтылды.

0
0
331

Некені тіркеуге электрондық өтініш беру

«Электрондық үкімет» порталында «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін болашақ ерлі-зайыптылардың екеуі де бұрын некеде болмаған және балалары жоқ болса және болашақ ерлі-зайыптылардың екеуі де «Электрондық үкімет» порталынада тіркелген, электрондық цифрлық қолтаңбалары (ЭЦҚ) бар Қазақстан Республикасы азаматтары пайдалана алады. Мәліметтерді толтыру кезінде «ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ кейінгі тегі» графасына, яғни болашақ күйеу өз тегін, ал жұбайы тегін өзгерткісі келсе, болашақ ерінің тегін жазуы тиіс. Қызмет көрсетуге салынатын баж салығының сомасы 1982 теңгені (1 АЕК) құрайды. Мемлекеттік салықты төлеу үшін Сізде Қазақстанның кез келген банкінің төлем картасы Visa, Master Card, Maestro (Казкоммерцбанк), Visa Electron немесе Сбербанкте жеке есеп шотыңыз болуы тиіс. Некені тіркеуге он…

0
0
968

1-мамыр құтты болсын!

Қазақта «Бірлік болмай тірлік болмас» деген сөз бар. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін жұмыс күні бастала салысымен Қазақстан халқы 1 мамыр - Ынтымақ пен бірлік күнін тойлау «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалында басталып кетті. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған орталық қызметкерлері таң атысымен қызмет алушыларға мерекелік дастарханнан дәм татқызып, атаулы мерекемен құттықтады.

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1-мамыр құтты болсын!

 

0
0
1399