«Connection Point»- өзіне -өзі қызмет көрсету секторы ХҚКО –ында
ХҚКО –да азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін, яғни азаматтар операторды тоспай-ақ, өз беттерінше электронды қызметтерді ала алатын "Connection Point" деп аталатын -өзіне -өзі қызмет көрсету секторы жұмыс жасай бастады.
"Connection Point" секторының арқасында компьютермен жұмыс істей алмайтын азаматтар ХҚКО-да өз беттерінше «электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет алуды және пайдалануды үйренеді. Бұл өз кезегінде үйден шықпай –ақ барлық мемлекеттік қызмет түрлерін «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні "Connection Point"- өзіне- өзі қызмет көрсету секторы ХҚКО –ның ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл сектор арқылы азаматтар электронды сандық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда немесе жаңа үлгідегі жеке куәлігінің көмегімен «электрондық үкімет» порталының барлық қызметтерін пайдалану мүмкіндігі бар. Азаматтар осы жүйенің көмегімен мемлекеттік электрондық анықтамалар алуға, некені тіркеуге электрондық өтініш беруге, сәбиін балабақша кезегіне қоюға, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуге, коммуналдық төлемдер төлеуге және бұдан басқа да көптеген қызмет түрлерін ала алады. Сонымен қатар, ХҚКО қызметкерлері "Connection Point"-та «электрондық үкімет» порталының мүмкіндіктері, төлем шлюзі және ЭЦҚ-ны қалай алуға болатыны туралы кеңестер береді.
