«Астана» арнасында «Қазақстандықтар – Ұлы жеңіс қаһармандары» атты бейнеэнциклопедия көрсетіледі
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Еуразиялық топпен (ERG) бірге «Астана» арнасында алдағы аптадан бастап қазақстандық қаһармандар туралы бейнеэнциклопедия көрсетеді, деп хабарлайды nurotan.kz. Бейнеэнциклопедияның мақсаты – қазақстандық батырлардың Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерліктерін паш ету. Айта кетейік, өткен ғасырдың ең алапат қасап қырғынына Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам қатысты. Яғни, еліміздің әрбір төртінші тұрғыны майданға немесе еңбек әскеріне шақырылды. Соғыс даласынан әрбір екінші отандасымыз қайтпай қалды. Оның ішінде, 530 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанса, 9-ы «Халық Қаһарманы» марапатына ие болды. Бұл жоба қазақ және орыс тілдеріндегі 140 қысқаметражды деректі фильмдер топтамасынан құралға…





