Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1-мамыр құтты болсын!

Қазақта «Бірлік болмай тірлік болмас» деген сөз бар. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін жұмыс күні бастала салысымен Қазақстан халқы 1 мамыр - Ынтымақ пен бірлік күнін тойлау «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалында басталып кетті. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған орталық қызметкерлері таң атысымен қызмет алушыларға мерекелік дастарханнан дәм татқызып, атаулы мерекемен құттықтады.

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1-мамыр құтты болсын!

 

 
0
0
1382

Осы тақырып бойынша