ҚР Ауылшармині РФ Астрахан облысынан құс өнімін әкелуге уақытша шектеулер енгізді

Ресей Федерациясының Астрахан облысында құс тұмауының (H5N1) таралуына байланысты 2015 жылғы 28-ші сәуірден бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Астрахан облысынан тірі құсты, инкубациялық жұмыртқаны, мамық түбіт және қауырсынды, құс еті мен термиялық өндеуден өтпеген (30 минут бойы 700С кем емес) барлық құс өнімдерін, құстарға арналған азық пен азықтық қоспаларды және де бұрын қолданыста болған құстарды асырауға, союға және бөлшектеуге қолданылған құрал-жабдықтарды кіргізуге уақытша шектеулер енгізді.
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: [email protected]
W: www.minagri.gov.kz
