Некені тіркеуге электрондық өтініш беру
«Электрондық үкімет» порталында «Некені тіркеуге электрондық өтініш беру» қызметін болашақ ерлі-зайыптылардың екеуі де бұрын некеде болмаған және балалары жоқ болса және болашақ ерлі-зайыптылардың екеуі де «Электрондық үкімет» порталынада тіркелген, электрондық цифрлық қолтаңбалары (ЭЦҚ) бар Қазақстан Республикасы азаматтары пайдалана алады.
Мәліметтерді толтыру кезінде «ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ кейінгі тегі» графасына, яғни болашақ күйеу өз тегін, ал жұбайы тегін өзгерткісі келсе, болашақ ерінің тегін жазуы тиіс.
Қызмет көрсетуге салынатын баж салығының сомасы 1982 теңгені (1 АЕК) құрайды. Мемлекеттік салықты төлеу үшін Сізде Қазақстанның кез келген банкінің төлем картасы Visa, Master Card, Maestro (Казкоммерцбанк), Visa Electron немесе Сбербанкте жеке есеп шотыңыз болуы тиіс.
Некені тіркеуге онлайн өтінішті некелесудің белгіленген күніне дейін 30 күнтізбелік күн бұрын беру қажет.
Сіздің өтінішіңіз АХАЖ-дың ақпараттық жүйесімен өңделген соң, әр өтініш берушінің жеке кабинетіне некелесуді тіркеу уақыты мен орны көрсетілген хабарлама келіп түседі.
Некелесуді тіркеу күнін АХАЖ АЖ тағайындайды.
Өтінішіңізді кері қайтарған жағдайда, өтініш берушілердің біреуі бұрын берілген өтініштен бас тарту туралы АХАЖ бөліміне барып қағаз жүзінде өтініш беруі тиіс.
Егер де өз үйіңізде ғаламтор болмаған жағдайда ХҚКО-на келіп «өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан» аталған қызметті өз ЭЦҚ-ды пайдалана отырып алуыңызға болады.
