Қазақстанда алғаш рет «Жас жүргізушілер» облыстық конкурсы өткізілді.
Өскемен қаласына 11 сынып оқушылары арасында алғаш рет «Жас жүргізушілер» атты облыстық конкурс өткізілді. 48 оқушы (16 команда) мектепте авто жүргізу ісі сабақтарында алған білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіншілік алды. Аталған конкурс ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Конкурс барысында оқушылар команда сәлемдесуі, жол жүру ережелерін білуге тестілер тапсыру, жол-көлік оқиғасынан жарақат алғандарға бірінші медициналық көмек көрсету сияқты түрлі тапсырмалар орындады. Аталған кезеңдерден сүрінбей өткен жарыс қатысушылары автодромда көлік жүргізу сынағынан өтуге мүмкіндік алды. Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Өскемен қаласы әкімдігінің «Қашықтан және бейінді оқыту мектебі – ресурстік орталығы» оқушы…



