Канада құрамасы Ресейді тас-талқан етіп ұтып, әлем чемпионы атанды
Чехияда өткен хоккейден әлем чемпионатының финалдық ойынында Канада құрамасы ресейліктерді ойсырата ұтты — 6:1.
Бірінші кезеңде Ресей құрамасының қақпасына жалғыз шайбаны Коди Икин соқты.
Екінші кезеңде канадалықтар тағы үш шайба енгізді. Олар Тайлер Эннис, Сидни Кросби және Тайлер Сегиннің еншісінде.
Үшінші кезеңде канадалық хокейшілер тағы екі рет суырылып алға шықты — Клод Жиру мен Натан Маккиннон көзге түсті. Канада қақпашысы Смит бір ғана рет қапы қалды. Ресей салған жалғыз шайбаның авторы — Евгений Малкин.
Осылайша Канада құрамасы 25-ші рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
АСТАНА. ҚазАқпарат

