Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен кездесу

2015 жылдың 18 мамыр күні БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ұжымында «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндіруге арналған семинар өткізілді. Семинарға  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департментінің қызметкерлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатынасып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қатысушыларға ақпарат берді. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында тақырыптық видео ролик көрсетіліп, жаднамалар таратылады.

 
0
0
1548

Осы тақырып бойынша

БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен кездесу - Yvision.kz