Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атыраудың мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Таза қол» акциясын өткізді.

2015 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасының Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті мен «4-ші билік» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Атырау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «Таза қол» акциясы басталды.

Акцияның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үрдісіне ауқымды көлемде мемлекеттік қызметшілерді тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» ахуалы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру.

Аталған шараға өңірдің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Акция барысында ақ қолғап киген мемлекеттік қызметшілер «Біз сыбайлас жемқорлық көрінісін құптамаймыз!», «Біз пара алуға қарсымыз!» атты ұрандарымен қаланың орталық көшесімен жүріп өтті. Кейін, кіші өнер академиясының оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы би түріндегі флэмоб ұйымдастырылды.

Акция соңында қатысушылар Агенттіктің «1494» байланыс-орталығы нөмірінің пішінінде шарларды аспанға ұшырды.

Департаментпен алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа жағымсыз тәрбиені қалыптастыруға, сонымен қатар, жұртшылық арасында құқықтық нигилизмді азайтуға бағытталған басқа да бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихаттық шараларды өткізу жоспарланған болатын.

0
0
452

Осы тақырып бойынша

Атыраудың мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Таза қол» акциясын өткізді. - Yvision.kz