Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дөңгелек үстел

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында 2015 ждылдың 15 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы»» МКҚК-де мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған және қайта дайарлау курснан өтуші мамандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Күн тәртібінде «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттау мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндіру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы мәселелері түсіндірілді.

Қатысушылар отырыс барысында Стратегияның бағыттары бойынша қызу пікір-алмасып, жемқорлыққа қарсы құжаттың маңыздылығы мен оның уақытылы қабылданғандығын айтты.

Дөңгелек үстелге Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.Н.Нұртазин және мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш қатысты.

 
0
0
379

Осы тақырып бойынша

Дөңгелек үстел - Yvision.kz