Мазмұнға өту

Жаңа

Тұрсынбек Өмірзақов: Қазақ еліне ДСҰ арқылы әлем нарығы ашылады

Қазақстан жуырда ғана Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздерді аяқтады. Осы қадамның маңыздылығы туралы ойымен бөліскен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов таңғы бағдарламада қонақта болды. «Бұл – өте маңызды шарт. Бүгінгі күнге жету үшін біз жиырма жылдай жүріп келдік. Дүниежүзілік сауда ұйымы арқылы әлемнің 98 пайыз тауары айналымға түседі. Енді біздің елдің 90 пайыз тауары әлем елдеріне тарайды. Бұл – үлкен жетістік. Себебі, елімізге ДСҰ арқылы әлем нарығы ашылады», - дейді Тұрсынбек Өмірзақов. Мәжіліс депутатының айтуынша, Дүниежүзілік сауда ұйымы әлем елдеріне бір ереже жасайды екен. Яғни, барлық тауар бір қалыпта сатылуы керек. «ДСҰ-ға кіруіміз кәсіпкерлеріміздің жағдайын көтереді. Себебі, бәсекелестік жоғары болады», - дейді ол. Сұхбаттың толық нұс…

0
0
338

Қазақстан құрамасы Тәжікстан футболшыларын қапыда қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Президенті кубогының үшінші ойынында 17 жасқа дейінгі жастардан құралған Қазақстан құрамасы Тәжікстанның 16 жасқа дейінгі жастардан тұратын құрамасын 2:1 есебімен жеңді, — деп жазады Sports.kz. Әуелі Қазақстан құрамасының қақпасынан Рамза Амрахонов саңылау тапқан еді. Екінші таймда Самат Бортай есепті теңестірді. Ойын тең аяқталуға шақ қалған, олай болғанда жеңіс тәжік командасының қоржынында кеткендей еді. Осы тұста төреші қосымша 5 минут уақыт тағайындады. Қонақтардың жарты алаңына асырылған допқа талас кезінде қазақстандық құлап түсіп, осы үшін төреші айып добын белгіледі. Ерхан Таласбаев 11 метрлік айып добын қарсылас қақпасына дарытып, жерлестеріміз жеңіске жетті. Осы жеңістің арқасында Қазақстан футболшылары қола медаль үшін таласқа түседі. Қарсыласы ­­­- Гру…

0
0
511

3 спортшы Австралия ашық біріншілігінде ел намысын қорғайтын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Таеквондодан Қазақстан құрамасы 6-шы «Australian Open» халықаралық турнирінде бақ сынайтын болады, деп хабарлады Спорттық жекпе- жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен.

26-28 маусым күндері өтетін байрақты бәсекеде ел намысын 3 спортшы қорғайды. Олардың қатарында Мамаев Нұрсұлтан, Смайыл Дүйсебай мен Жаппаров Руслан бар.

Аталған спортшыларды Мельбурн қаласына француз маманы Филип Пинер бастап бара жатыр. G-2 дәрежесіндегі беделді жарыста 500-ге жуық шебер үздіктерді анықтап, чемпиондық атаққа таласады.

0
0
516

Куба, Алжир, Австралияның волейболдан әйелдер командасы Талдықорғанға келді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына волейболдан әйелдер командалары арасында әлем «Гран-Приінің» бірінші кезегін өткізуге байланысты Куба, Алжир, Австралия мемлекеттерінен спортшылар келді, деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.

Жоғарыда аталған мемлекеттің спортшыларынан бөлек бұл жарысқа еліміздің де волейболшы қыздары қатысатын болады. Волейбол жарысы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында 26-28 маусым күндері өтеді. Шараның салтанатты ашылуы 26 маусым, сағат 14.30-да.

Бүгін «Жастар» спорт кешенінде спортшылармен баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, алдағы уақыттағы жарыстарға дайындық жаттығулары жүргізілуде

0
0
379

Оңтүстік Кореяда өтетін жазғы универсиадаға қатысатын спортшылар белгілі болды

Кореяда өткізілетін Универсиадаға қатысатын спортшылар тізімі бекітілді, деп хабарлады confederation.kz. Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 3 — 14 шілде аралығында өткізілетін жазғы универсиадаға төмендегі спортшылар қатысады: Ерлер: Қырғызбаев Ғұмар (60 келі, Алматы) Сәкенұлы Ерасыл (66 келі, Алматы) Оразалин Нұрлан (73 келі, ШҚО) Закарияев Сұңғат (81 келі, Атырау) Мисин Әділет (90 келі, Ақтөбе) Демьяненко Виктор (100 келі,Алматы) Ерғалиев Еламан ( 100 келіден жоғары с\д, Қызылорда) Темірханов Дархан (Абсолютті салмақ дәрежесі, Ақтөбе) Қыздар: Байқұлова Айгүл (48 келі, Ақтөбе) Алмұхамбетова Гүлдана (52 келі, БҚО) Құбашева Назгүл (57 келі, Атырау) Әбілқадырова Әйгерім (63 келі, Астана) Қашкын Жанар (70 келі, Алматы облысы) Райфова Зарина (78 келі, Алматы) Абдрасулова Зарина ( 78 келіден…

0
0
386

Журналистердің кадрдан тыс қызметтері

Мемлекет басшысының жарлығымен 28 маусым байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні болып белгіленгенін қазақстандықтар жақсы біледі. Қалың елге соны ақпарат, тұщымды дерек ұсынатын БАҚ өкілдері – бүгінгі қоғамның бетке ұстар азаматтары, маңызды іс атқарып отырған жандар. Журналистер күніне орай «Таңшолпан» бағдарламасы ақпарат саласы мамандарының эфирден тыс сәттерімен таныстырады. Алдымен, Ұлттық арнаның жаңалықтар бөлімінде қызмет ететін диктор Гүлзия Сейітованың жұмысын білсек. Күніне бес рет тікелей эфирге шығатын жаңалықтар бөлімі қызметкері: «Маған тікелей эфирде жұмыс істеу аса қиын емес. Мұның бәрі тәжірибеге байланысты, деп білемін. Біздің міндетке тек дайын ақпаратты экран алдында оқып беру ғана емес, сонымен қатар, эфирге бермес бұрын мәтінді өңдеу де кіреді. Кейде ақпаратты…

0
0
891

«Еуразия» бірінші арнасының қызметкерлері үкіметтік марапаттарға ие болды

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Астанада үздік журналистер мен медиасала қызметкерлері марапатталды. Салтанатты мерекеде Үкімет атынан тілшілерді республиканың премьер-министрінің орынбасары құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде Бердібек Сапарбаев қазақстандық журналистер күнделікті көтеретін жүктің жауапкершілігін, жалпы олардың еңбектерінің маңыздылығын атап өтті. «Сіздер билік пен халықтың арасындағы көпір болып есептелесіздер. Қарапайым халық сіздер арқылы өздерінің шешілмей жатқан мәселелерін билікке жеткізіп, шешеді. Сіздер экономикамыздың дамуына үлкен үлес қосасыздар. Өйткені қазіргі даму заманында ең қымбат, ең керек - ол мәлімет. Сіздер мемлекетке оның ішінде үкіметке тез, жылдам керекті мәліметтерді бе…

0
0
343

Журналистер арасында өтетін «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Қазақстанда мемлекеттің тұрақты дамуының, баянды экономикалық өсудің, Елбасының дана саясатының арқасында бүгінгі күні заманауи, техникалық жабдықталған, бәсекеге қабілетті медиялық кеңістік қалыптасты және біздің мемлекетіміздің мақсаты биік жоспарларын іске асыру тек БАҚ-тың белсенді қатысуымен ғана мүмкін. «Нұр Отан» партиясы бүгін де, ертең де Қазақстандағы ақпараттық саланың дамуын ынталандыруға, журналистің кәсіби және тұлғалық өсуі үшін жағдай туғызуға ниетті, - деп атап өтті Б.Байбек. Байқау 2010 жылдан бері Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында өткізіліп келеді, биылғы жылы «Нұр Сұңқарды» табыс етудің VI рәсімі ұйымдастырылды. Осы өткізілген жылдарда «Нұр Сұңқар» өзін журналистік шеберлікті танытуға арналған алаң ретінде көрсете білді және отандық масс-медиа өкі…

0
0
455

Жастар саясаты мәселелері басқармасында семинар-кеңес өткізілді.

2015 жылдың 25 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жастармен жұмыс орталығы ұжымында семинар кеңес өткізілді. Шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев қатысып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндіру дәрісін оқыды. Семинар-кеңес барысында тақырыптық видео роликтер мен Агенттік дайындаған арнайы сауалнама толтырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның міндеттері мен мақсаттарын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімші…

0
0
470

«Астана» радиосы ұжымының қос қуанышы

28 маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында ұжымымызда қос бірдей қуанышты жаңалық орын алып отыр. Өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдік. Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова кәсіби мерекеге орай үздік журналистерді марапаттады. Аталған шара аясында «Астана» радиосының ұжымына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысы жариялады. «Көкжиек» және «От и до» хабарларының шығармашылық ұжымына Еуразиялық экономикалық одақ аясында маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысын насихаттағаны үшін Елбасының Алғысы жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдары саласы мамандарының төл мерекесі қарсаңында «Астана» радиосы директорының орынбасары, журналист Базаргүл Үмбетова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Әріптестері…

0
0
474