Мазмұнға өту

Жаңа

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова ақпарат саласының мамандарын құттықтады

Шара барысында корпорация төрағасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың корпорация ұжымына жолдаған Алғыс хатын оқып берді. Бүгін Астанада «Қазақстан» РТРК» АҚ Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова ақпарат саласының мамандарын Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтай келе, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың корпорация ұжымына жолдаған Алғыс хатын оқып берді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап көрсеткені және отандық ақпарат кеңістігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс жарияланады»,-делінген Алғыс хатта. «Бұл Алғыс хатта әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз бар. Бүгінде біздің шығармашылық ұжым министрліктерден, мемлекеттік және бизнес құрылымдардан құттықтаулар алып жатыр. Бұл – көрермендеріміз бен радио…

0
0
393

Сенат комитетінде Конституциялық заң жобалары қаралды

26 маусымда Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы қаралды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Конституциялық заңның жобасы судьяларды зейнетақымен қамсыздандыру институтын қайта ұйымдастыру арқылы отставкадағы судьяларға өмір бойы ай сайынғы қамтылым төлеудің енгізілуін көздейді. Заң жобасымен кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар және заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толған отставкадағы судьяларға өмір бойы төленетін қамтылымды көздейтін норма бекітіледі. Осы төлемдерге салық салынбайды,…

0
0
324

Алматы облысының Қарасай ауданында 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылмақ

Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту. Негізгі міндет - шикізат базасын дамыту және өндірілген өнімдерді экспорттау. Бұл - мемлекетті нығайтуға арналған «100 нақты қадамның» 61-ші бағыты. Алматы облысы, Қарасай ауданының жұртшылығы осы тапсырманы тиянақты орындауға күш салуда. Ауданда Елбасы тапсырмасы аясында 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы ашылмақ. Сол бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Әзірге экологиялық таза, табиғи етпен облыс, сонымен бірге, өзге елдердің нарығына шыққан кәсіпорын жұмысын жандандырмақ. Нақтырақ айтсақ, Қытай еліне де ет экспорттауды жолға қоймақ. Анықтамалық дерек: Осы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «…

0
0
261

Ләйлә Сеңгірбекова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Достар, арнамыздың тамаша жаңалығымен сіздермен бөліссек пе дейміз! «Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова еліміздің мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! Төсбелгіні Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен жиында «Қазақстан» РТРК» АҚ Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова табыстады. Жиын 28 маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің құрметіне орай өткізілді. Астанада «Қазақстан» РТРК» АҚ Төрағасы Нұржан Мұхамеджанова ақпарат саласының мамандарын Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтай келе, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың корпорация ұжымына жолдаған Алғыс хатын оқып…

0
0
1162

«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері марапатталды

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Мұхамеджанова құттықтау сөзімен ашты. Шара барысында еліміздегі ақпарат саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Олар: Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Олжабайқызы Жүнісова және «Аptа.kz» бағдарламасының арнайы тілшісі Әлімжан Сабыржанұлы. Сондай-ақ, мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін алды. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Корпорац…

0
0
525

Соңғы 5 жыл ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін субсидия көлемі үш есеге артты

Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында «Агробизнес 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мал шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының дамуы талқыланды. Іс-шараға облыс әкімдіктерінің өкілдері, «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, жануарлар тұқымдары бойынша республикалық палаталардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты. Бүгінгі таңда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1189,6 млрд. теңгені құрады, 2013 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден 3,9%-ға артқан. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша етті және сүтті бағыттағы фермерлік шаруашылықтар құру бойынша жүзеге асырылатын «Ырыс», қой шаруашылығында «Алтын асық», жылқы шаруашылығында «Құлан» несиелеу бағдарламалары аясында…

0
0
1553

Ләлә Бақытнұрқызы: Арманым – дүниенің сахнасында қазақтың әнін насихаттау

Қытай Халық Республикасынан келген әнші, Бибігүл Төлегенованың шәкірті Ләлә Бақытнұрқызы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Өнерлілер отбасында дүниеге келгенмін. Әкем – сазгер, әнші, анам – Қытайға танымал биші. Ата-анам мені үш жасымнан бастап өнерге бейімдей бастады. Фортепиано, ән, би, домбыраны үйретті. Ал, сахнаға 12 жасымнан шықтым». Ән мен би өнерін қатар алып жүрген Ләлә Бақытнұрқызы: «Маған екі бағыт та жақын. Ыңғайы келсе, сахнада екеуін де орындап бергім келіп тұрады»,-дейді. «Бибігүл Төлегенова апайымды бала кезімнен үлгі тұтып келемін. Ол кісінің «Бұлбұл» әніне сол кезден ғашықпын. «Есейгенде бұл әнді мен де айтамын», деген арманым болды. Бүгінде сол арманға қол жеткендей». «Арманым – дүниенің сахнасында қазақтың әнін, биін, ұлттық киімін насихаттау». Толығырақ «Таңшолпанна…

0
0
1366

Қазақ пен Созақ-тел ұғым!

Қазақ пен Созақ - ажырамас тел ұғым. Қазақ ұлтының арғы-бергі тарихында осы бір төскейлі теріскейдің алатын орны ерекше. Іргелі елге айналған қазақ хандығының шаңырағы дәл осы Созақта көтерілді. Мұны Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген келген жас пікірсайысшылар айтып, осындай дәлелдер келтіріп отыр. Созақтың мәртебесін асқақтатып, ондағы тарихи шындықты шүбәсіз алға тартты. Созақ. Оңтүстік пен Батыстың, шығыста Шу-Талас өңіріне апаратын Қаратаудың теріскейіндегі жолдың түйіскен жерінде орналасқан киелі жер. Қазақтың бар тарихына куә. ХV ғасырда хандық биліктің тірек қаласы да осы Созақ болғандығына күмән жоқ. Созақ аудандық «Жастар орталығы» КММ-нің директоры Серік Мамановтың айтуынша, пікір сайысшылар өз дәлелдерін келтіріп, Қазақ хандығының бес жүз елу жылдығын мәселе қылып көтерген…

0
0
664

Хасен Молдабаев: Дзюдодан Әлем біріншілігінің маңызы зор

24-30 тамыз аралығында Астана қаласында Дзюдо күресінен әлем біріншілігі өтеді. Осыған орай «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз хатшысы Хасен Молдабаев «Таңшолпанда» қонақта болды. «Бұл Әлем біріншілігінің маңызы зор. Себебі, әр мемлекет Олимпиада алдында осындай Әлем біріншіліктеріне мықты деген спортшыларын жібереді. Елімізге атақты спортшылар келмек», - дейді Хасен Молдабаев. Оның айтуынша, дайындық жұмыстары қазір қарқынды жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін халықаралық Дзюдо федерациясының өкілдері Қазақстанға екі рет келіп кеткен екен. Аздаған ескерту айтылыпты. Осы уақытта аталған кемшіліктермен жұмыс жүргізіліп жатыр екен. Жарыс «Алау» мұз айдынында өтеді. «Бүгінде сайысқа 50-ге жуық мемлекеттің спортшылары тіркелді. Біздің жоспарымыз бойынша, 100-ден аста…

0
0
1063

Астанада AIBA үздік бапкер мен боксшыны құттықтады

Астанада AIBA үздік бапкер мен боксшыны құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ұлттық бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен команда капитаны Данияр Елеусіновты Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA)  екінші жыл қатарынан әлем бойынша үздік деп таныды.

2013 жылы Айтжанов пен Елеусіновтың жетістігі Алматыда әлем  чемпионатының қорытындысы бойынша аталып өтті. Қазақстандық команда жарыста 4 алтын иеленген болатын.

2014 жылы Қазақстан командасы аса жоғары нәтиже көрсетті: Инчхондағы  XVII жазғы Азия ойындарында 6 алтын (Данияр Елеусінов те алтын алды), 1 күміс, 1 қола медаль, жалпы есепте бірінші орынды иеленді.

2014 — әлемнің үздік бапкері мен боксшысына AIBA марапатын AIBA атқарушы директоры Карим Бузиди табыс етті.

0
0
441