Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Журналистердің кадрдан тыс қызметтері

Мемлекет басшысының жарлығымен 28 маусым байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні болып белгіленгенін қазақстандықтар жақсы біледі. Қалың елге соны ақпарат, тұщымды дерек ұсынатын БАҚ өкілдері – бүгінгі қоғамның бетке ұстар азаматтары, маңызды іс атқарып отырған жандар.

Журналистер күніне орай «Таңшолпан» бағдарламасы ақпарат саласы мамандарының эфирден тыс сәттерімен таныстырады.

Алдымен, Ұлттық арнаның жаңалықтар бөлімінде қызмет ететін диктор Гүлзия Сейітованың жұмысын білсек.

Күніне бес рет тікелей эфирге шығатын жаңалықтар бөлімі қызметкері: «Маған тікелей эфирде жұмыс істеу аса қиын емес.  Мұның бәрі тәжірибеге байланысты, деп білемін. Біздің міндетке тек дайын ақпаратты экран алдында оқып беру ғана емес, сонымен қатар, эфирге бермес бұрын мәтінді өңдеу де кіреді. Кейде ақпаратты өзіміз жазамыз»,-дейді.

Ал, қазақтың үні болған Қазақ радиосының қызметкері Мұхамедияр Рашай: «Жұмыс күнін таңғы сағат 07:00-ден бастаймыз. Сағат 09:00-ге дейін екі сағат аясында  тікелей толқында қызмет етеміз. Одан кейін концерттік-диджейлік жұмысымыз басталады»,-дейді.

Ұлттық арнадағы «Журналистік зерттеу» хабарының тілшісі Нұрбек Бекбау да қызметінің ерекшелігімен бөлісті. «Эфирден бөлек уақыттарда материал іздеумен айналысамыз. Өз басым журналист әрі блогер болғандықтан, әлеуметтік желілерден тақырып іздейтінім бар»,-дейді ол.

Сондай-ақ, «KAZsport» телеарнасының комментаторы Ермұхамед Мәулен, «Балапан» телеарнасының кішкентай жүргізушісі Ақгүл Жарылқасынның пікірін «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы сағат07:00-де басталатын «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының «Қазақстан» ұлттық арнасының көрермендеріне үш сағат бойы түрлі тақырыпты қамтыған қызықты дерек ұсынып, әсем әуен сыйлайтынын естеріңізге сала кетейік.

Туиттерге тіркелсеңіз, бағдарлама туралы ойыңызға #tankaz хештегін қосып отыруды ұсынамыз.

0
0
876

Осы тақырып бойынша

Журналистердің кадрдан тыс қызметтері - Yvision.kz