Куба, Алжир, Австралияның волейболдан әйелдер командасы Талдықорғанға келді
АСТАНА. ҚазАқпарат — Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына волейболдан әйелдер командалары арасында әлем «Гран-Приінің» бірінші кезегін өткізуге байланысты Куба, Алжир, Австралия мемлекеттерінен спортшылар келді, деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
Жоғарыда аталған мемлекеттің спортшыларынан бөлек бұл жарысқа еліміздің де волейболшы қыздары қатысатын болады. Волейбол жарысы Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында 26-28 маусым күндері өтеді. Шараның салтанатты ашылуы 26 маусым, сағат 14.30-да.
Бүгін «Жастар» спорт кешенінде спортшылармен баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, алдағы уақыттағы жарыстарға дайындық жаттығулары жүргізілуде

