«Астана» радиосы ұжымының қос қуанышы
28 маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында ұжымымызда қос бірдей қуанышты жаңалық орын алып отыр. Өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдік.
Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова кәсіби мерекеге орай үздік журналистерді марапаттады. Аталған шара аясында «Астана» радиосының ұжымына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғысы жариялады.

«Көкжиек» және «От и до» хабарларының шығармашылық ұжымына Еуразиялық экономикалық одақ аясында маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысын насихаттағаны үшін Елбасының Алғысы жарияланды.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласы мамандарының төл мерекесі қарсаңында «Астана» радиосы директорының орынбасары, журналист Базаргүл Үмбетова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Әріптестерімізді байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен үлкен жетістік тілейміз!
1999 жылдан бері «Ең таңдаулысы сен үшін» атты ұранмен жұмыс істеп келе жатқан «Астана» радиосы қызметкерлерін алда да талай үлкен биік белес, мәртебелі марапат күтіп тұрғанына сенімдіміз!
