Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан құрамасы Тәжікстан футболшыларын қапыда қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Президенті кубогының үшінші ойынында 17 жасқа дейінгі жастардан құралған Қазақстан құрамасы Тәжікстанның 16 жасқа дейінгі жастардан тұратын құрамасын 2:1 есебімен жеңді, — деп жазады Sports.kz.

Әуелі Қазақстан құрамасының қақпасынан Рамза Амрахонов саңылау тапқан еді. Екінші таймда Самат Бортай есепті теңестірді. Ойын тең аяқталуға шақ қалған, олай болғанда жеңіс тәжік командасының қоржынында кеткендей еді. Осы тұста төреші қосымша 5 минут уақыт тағайындады.

Қонақтардың жарты алаңына асырылған допқа талас кезінде қазақстандық құлап түсіп, осы үшін төреші айып добын белгіледі. Ерхан Таласбаев 11 метрлік айып добын қарсылас қақпасына дарытып, жерлестеріміз жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан футболшылары қола медаль үшін таласқа түседі. Қарсыласы ­­­- Грузия құрамасы (U-17).

 
0
0
489

Осы тақырып бойынша

Қазақстан құрамасы Тәжікстан футболшыларын қапыда қалдырды - Yvision.kz