Жастар саясаты мәселелері басқармасында семинар-кеңес өткізілді.

2015 жылдың 25 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жастармен жұмыс орталығы ұжымында семинар кеңес өткізілді. Шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев қатысып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндіру дәрісін оқыды.
Семинар-кеңес барысында тақырыптық видео роликтер мен Агенттік дайындаған арнайы сауалнама толтырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның міндеттері мен мақсаттарын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндіру бағытында Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде іс-шара өткізілді.
