3 спортшы Австралия ашық біріншілігінде ел намысын қорғайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат — Таеквондодан Қазақстан құрамасы 6-шы «Australian Open» халықаралық турнирінде бақ сынайтын болады, деп хабарлады Спорттық жекпе- жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен.
26-28 маусым күндері өтетін байрақты бәсекеде ел намысын 3 спортшы қорғайды. Олардың қатарында Мамаев Нұрсұлтан, Смайыл Дүйсебай мен Жаппаров Руслан бар.
Аталған спортшыларды Мельбурн қаласына француз маманы Филип Пинер бастап бара жатыр. G-2 дәрежесіндегі беделді жарыста 500-ге жуық шебер үздіктерді анықтап, чемпиондық атаққа таласады.

