Мазмұнға өту

Жаңа

Шахматшы Бибісара Асаубаева Батумиде халықаралық турнирде жеңіске жетті

Шахматшы Бибісара Асаубаева Батумиде халықаралық турнирде жеңіске жетті, деп хабарлады Спорт.кз.

Грузияда «Муниципалитет кубогы — Батуми 2015» халықаралық турнирі өтті.

Басты турнирде  Петр Костенко мен Бибісара Асаубаева жалпы 9 ұпайдан 4,5 ұпай жинады.

Бұл ретте Бибісара қыздар арасында бірінші орынды иеленді

0
0
380

Қазақстандық Антон Пинчук АРВ турнирінде Клементе Руссоға есесін жіберіп алды

Миланда өтіп жатқан АРВ жобасының екінші кезеңінде қазақстандық боксшы Антон Пинчук итальяндық Клементе Руссоға есесін жіберіп алды. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы екінші кезеңнің финалына өтіп, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпида ойындарына жолдама алады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы. 91 кг салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шыққан Антон Пинчук әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада жүлдегері Клементе Руссодан 3:0 (77:75, 78:74, 78:74) есебімен жеңіліп қалды. Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін жолдаманы Біржан Жақыпов (49 келіге дейін салмақ дәрежесі бойынша), Берік Әбдірахманов (60 келіге дейін) пен Василий Левит (91 келіге дейін) жеңіп алған болатын. Сондай-ақ 26 шілде күні Мексикада қазақстандық боксшы Ильяс Сүлейменов (52 келіге…

0
0
423

Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» атты форум өтті

#Talks2050 - TED конференциясы форматындағы бейресми форум. Атырауда «#Talks2050: мұнаймен қатар, мұнайдан бөлек, мұнайдан кейін» атауымен форум өтті. #Talks2050 - TED конференциясы форматындағы бейресми форум. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен өткен шараға 200-ден астам адам қатысты. «Спикер ретінде біз тек экономистер мен мұнайшыларды ғана емес, сонымен қатар, экологтар, ғалымдар, суретшілер, шағын және орта кәсіп иелері мен жергілікті атқарушы билік өкілдерін шақырдық. Олардың әрқайсысына мұнайлы өңірдегі өздерінің жеке тәжірибесін қызықты форматта айтып беру міндеті жүктелді. Мәселен, кәсіпкерлер үшін бұл - мұнайлы экономикаға тәуелсіз жеке кәсібін дамыту, белсенді қала тұрғындары үшін - жергілікті туризмді дамыту,…

0
0
284

«Қолөнершілер фестивалі 2015»

«Қолөнершілер фестивалі 2015» «Арбат» жастар шығармашылық көрмесі шеңберінде, кешегі күні, Орталық жағажайда «Қолөнершілер фестивалі 2015» мерекесі өтті. Павлодар қаласының қолөнершілері, сондай-ақ Екібастұз және Новосибирск қалаларынан келген қонақтар өз еңбектерінің жемісіне бөленіп, білгендерімен айналасындағылармен бөлісуге дайын тұрды. Екібастұз сабыншылары өздерінің әдемі, көз еліктіретін, тіпті өздік пішіндері бар өнімдерін, мейлі ол кішкентай аю, жүрек, гүл болсын, қысқаша, өз көрерменін тауып, тәнті етті. Әшекейлер мен ойыншықтардың түр-түрі адам жанын өзіне баурап, құр қол жібермеді. Олар: фоамираннан жасалған шаш бұйымдар, шетелдік өкілдер ұсынған полимерлік саздан жасалған салпыншақ пен сырға, сонымен бірге ашық бояулы жеңіл жейделер, шифон, жібек маталарынан әзірленген тексти…

0
0
2329

Дұрыс тамақтану (ПП) Арықтаудың жолдары

Қазіргі таңда көп талқыға түсіп жүрген мәселелердің бірі, әсіресе әйел қауымын көп мазалайтын проблема - артық салмақ, артық салмақтан құтылу жолдары, диета, әр түрлі фирмалардың шайы. Әрине, қандай әйел болмасын, ол өз жарының алдында әдемі болып көрінгісі келеді. Әйел адамына дене бітімін сақтап, әдемі, таза, әрі қарапайым киінген жарасады. Қазіргі таңда бұл мәселені шешу үшін диета сөзі емес, дұрыс тамақтану терминін қолданғанымыз жөн болар. Диетаға келетін болсақ, әр түрлі диетаны ұстап, адам өз денсаулығын құртып алады. Және де диетаның бәріне де сенуге болмайды. Әр түрлі арықтауға арналған шайлар - олар адам ағзасына қалай әсер ететінін білмейміз. Ол көбіне әсер етпейді немесе денсаулыққа зиянын тигізеді. Егер адам арықтағысы келсе, дұрыс тамақтану мен физикалық жаттығулар жасап, сп…

1
0
35791

Қазақстанда ең үздік әлеуметтік жобалар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылы «Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсы өтетіндігі туралы хабарлайды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Бұл конкурс республикада үш жыл бойы өткізіліп жатыр. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға, өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, басқа да халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына нақты көмек көрсету болып табылады. Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссиялар құрылған, олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері, әкімдердің әлеуметтік мәселелерімен айналысатын…

0
0
517

А.Мұсақожаева: Астанада Бүкіләлемдік ICTM конференциясын өткізу – бұл елдің бренді

Астанада дәстүрлі музыка бойынша 43-ші Бүкіләлемдік ICTM конференциясын өткізу – бұл елдің брендингі, деді Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Айман Мұсақожаева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. «Мұндай іргелі іс-шараны ұйымдастыру елдің бриндингі деуге болады. Осыған байланысты біз бүгін мәдени саясат елдің идеологиялық және саяси-мәдени тұрақтылығының ажырамас бөлігі деп нық сеніммен айта аламыз. Жаһандану дәуірінде еуразиялық контингенттің мәдениетінің дамуы өзге емес бізбен байланысты дегім келеді»,-деді А.Мұсақожаева. ҚазҰӨУ ректорының айтуынша, аталмыш конференция барысында түрлі материалдар мен оқулықтар, жинақтар дайындалады және олар кейін дәстүрлі музыканы дамытуға ықпал етеді. «Бір апта бойына Қазақстан, АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай, Бразилия,…

0
0
291

Көкшетауда «Балғын шақ» жазғы шығармашылық алаңы ашылды

Ақмола облысының білім басқармасының Ақмола облыстық шығармашыл дарынды балаларға арналған оқу-әдістемелік орталығында жаз басталғалы «Балғын шақ» жазғы шығармашылық алаңы ашылды, деп хабарлады Ақмобал облысы ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы». Жазғы алаңға Көкшетау қаласындағы мектеп жанындағы күндізгі лагерлердің балалары барды. Осылайша, жазғы алаң балаларға өздерінің музыкалық, зияткерлік, танымдық қабілеттерін одан ары дамытуға мүмкіндік берді. «ООӘО қосымша білім берудің әдіскерлері мен педагогтары балалар үшін қосымша шаралар өткізуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай зияткерлік жарыс өткізілсе, Есірткімен күрес күніне орай акция, Астана күніне орай «Достар дауысы» вокал байқауы мен «Астана арман қала!» асфальтқа сурет салу конкурстары ұйымдастырылды. Жаз…

0
0
785

Арал ауданында кальциленген сода шығаратын зауыт ашылады

Бұл туралы Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті сессиясында айтылды. Былтыр «АралТұз» кәсіпорнындағы ас және техникалық тұз өндірісі толықтай жаңартылып, осының нәтижесінде тек алғашқы 6 айда ғана өнім шығару 20 пайызға ұлғайды. «Арал ауданында кальциленген сода шығаратын зауыт құрылысын салу жөнінде шешім қабылданды. «Бәйтерек» Холдингі жалпы құны 200-250 млн. АҚШ долларын құрайтын аталған жобаны қаржыландыруға дайын. Қазір осыған байланысты қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында құрама жем, күріш өңдеу және керамикалық кірпіш зауыттарының құрылысы аяқталды. Былтыр Жалағаш және Шиелі аудандарында іске қосылған қызыл мия тамырын өңдеу зауыттары жұмыс істеп тұр. Жыл аяғына дейін сэндвич панель, күйдірілген кірпіш, жар…

0
0
660

ШҚО-да «Бизнестің жол картасы -2020» белсенді жүзеге асуда

Шемонаиха және Жарма аудандарында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы белсенді жүріп жатыр, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы. Осылайша, Шемонаиха ауданында бағдарламаны жүзеге асыру екі бағытта жүріп жатыр. Бірінші «Жаңа бизнес-бастамашыларды қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банк 145 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен құрылғыларын сатып алу жөніндегі «Защита Уба» ЖШС жобасын қолдады. Сонымен қатар, шығыстың тәтті тағамдарын дайындау мен клиника-диагностикалық орталықты кеңейту сияқты өзге де жобалар қаралуда. Екінші, «Кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау шараларын көрсету» бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне қысқамерзімді оқыту үшін көшпелі мектептер ұйымдастырылды. Осы жүйе бойынша білім алған 37 адам сертификат алды. 2015 жылдың басынан бастап, ШҚО Кәсіпкерлер…

0
0
601