Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Дұрыс тамақтану (ПП) Арықтаудың жолдары

Қазіргі таңда көп талқыға түсіп жүрген мәселелердің бірі, әсіресе әйел қауымын көп мазалайтын проблема - артық салмақ, артық салмақтан құтылу жолдары, диета, әр түрлі фирмалардың шайы.

Әрине, қандай әйел болмасын, ол өз жарының алдында әдемі болып көрінгісі келеді. Әйел адамына дене бітімін сақтап, әдемі, таза, әрі қарапайым киінген жарасады.

Қазіргі таңда бұл мәселені шешу үшін диета сөзі емес, дұрыс тамақтану терминін қолданғанымыз жөн болар. Диетаға келетін болсақ, әр түрлі диетаны ұстап, адам өз денсаулығын құртып алады. Және де диетаның бәріне де сенуге болмайды. Әр түрлі арықтауға арналған шайлар - олар адам ағзасына қалай әсер ететінін білмейміз. Ол көбіне әсер етпейді немесе денсаулыққа зиянын тигізеді.

Егер адам арықтағысы келсе, дұрыс тамақтану мен физикалық жаттығулар жасап, спортпен айналысуы керек.

Менің ойымша денені жақсы қалыпта ұстау үшін төмендегі қағидаларды ұстанған жөн:

1. Тамақтың көлемін кішірейту

Егер сіздің тарелкаңыз үлкен болса, онда оны 2 есе кіші тарелкаға ауыстырыңыз.

2. Су

Күнделікті 6-8 стакан суды ішіп тұру. Адам ағзасындағы зат алмасуды жақсартады. Адам ағзасы 80% судан тұрады. Шөлдегенше жүре бермеңіз.

3. Ерте тұрыңыз

Ата - бабаларымыз ертеден - ақ: "Ерте тұрған еркектің бір ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық" демекші, ерте тұрыңыз. Тұрып 1 стакан жылы су ішіңіз. Және кішігірім жаттығу жасап жіберіңіз.

4.  Каллория есептеу

Өз салмағыңызға байланысты каллорияңызды анықтап алыңыз. Оны интернеттен қарасаңыз болады. Соған қарап, күнделікті қолданатын тағамдарыңызды жоспарлап, жеңіл тамақ пайдаланыңыз.

5.  Кешкі сағат 6-дан кейін тамақ жемеймін дегенді ұмытыңыз

Ұйықтарға дейін, кем дегенде 3 сағат бұрын тамақ жеуді тоқтатыңыз. Жатар алдында кефир ішіп жатсаңыз болады.

6. Тағамдар

Тағамдар сатып аларда, тағамдардың майлылығына, каллогиясына, мерзіміне назар аударыңыз. Жеміс - жидектер, көкөністер көп қолданған жөн.

7. Зиянды тағамдар

Қолданатын тағамдарыңыздың арасынан  шұжық(колбаса),ұн өнімдегін, кола, газды сусындар, тәтті тағамдарды, яғни кондитерлік өнімдерді  алып тастаңыз. Бұл тағамдардың орнына өзіңіз қолдан тәттілер пісіруіңізге болады. Рецептілерін интернеттен қарасаңыз, тауып аласыз. Ал газды сусындарға келетін болсақ, оның орнына таза су, көк шай, жеміс - жидектен жасалған смузи, коктейль жасап ішіңіз.

8.  Спорт

Спортпен шұғылданыңыз. Жүгіру, скакалкадан секіру, велосипед тебу, жүзу және т.б жаттығулар жасаңыз. Ол тек дене бітімді ғана сақтап қоймайды. Денсаулығыңызды да нығайтуға көмек көрсетеді.

9.  Психологиялық тұрғыдан өзіңізді дайындау

Психологиялық тұрғыдан адам өзін дайындауы керек және өз денеңіз қандай болса да оны жақсы көріңіз, мақтаңыз.

10. Мақсат қою

Осындай қағидаларды ұстанып 1 апта ішінде арықтап кетемін деген ой болмауы керек. Егер тез азатын болсаңыз, тез толып кетесіз. Алдыңызға мақсат қойып, белгілі бір уақыт аралығын белгіліп, сол аралықта өзіңізді қолға алыңыз. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Бұл уақыт аралығы біткен соң да, осы қағидаларды ұстанған жөн. Осы қағидаларды ұстансаңыз, өкінбейсіз деген ойдамын.

1
0
35769

Осы тақырып бойынша

Дұрыс тамақтану (ПП) Арықтаудың жолдары - Yvision.kz