Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық Антон Пинчук АРВ турнирінде Клементе Руссоға есесін жіберіп алды

Миланда өтіп жатқан АРВ жобасының екінші кезеңінде қазақстандық боксшы Антон Пинчук итальяндық Клементе Руссоға есесін жіберіп алды.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы екінші кезеңнің финалына өтіп, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпида ойындарына жолдама алады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

91 кг салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шыққан Антон Пинчук әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада жүлдегері Клементе Руссодан 3:0 (77:75, 78:74, 78:74)  есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік беретін жолдаманы Біржан Жақыпов (49 келіге дейін салмақ дәрежесі бойынша), Берік Әбдірахманов (60 келіге дейін) пен Василий Левит (91 келіге дейін) жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ 26 шілде күні Мексикада қазақстандық боксшы Ильяс Сүлейменов (52 келіге дейін) Олимпиада жолдамасы үшін бағын сынамақ.

 
Басты сөздер: Спорт
 
0
0
416

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық Антон Пинчук АРВ турнирінде Клементе Руссоға есесін жіберіп алды - Yvision.kz