А.Мұсақожаева: Астанада Бүкіләлемдік ICTM конференциясын өткізу – бұл елдің бренді
Астанада дәстүрлі музыка бойынша 43-ші Бүкіләлемдік ICTM конференциясын өткізу – бұл елдің брендингі, деді Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Айман Мұсақожаева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
«Мұндай іргелі іс-шараны ұйымдастыру елдің бриндингі деуге болады. Осыған байланысты біз бүгін мәдени саясат елдің идеологиялық және саяси-мәдени тұрақтылығының ажырамас бөлігі деп нық сеніммен айта аламыз. Жаһандану дәуірінде еуразиялық контингенттің мәдениетінің дамуы өзге емес бізбен байланысты дегім келеді»,-деді А.Мұсақожаева.
ҚазҰӨУ ректорының айтуынша, аталмыш конференция барысында түрлі материалдар мен оқулықтар, жинақтар дайындалады және олар кейін дәстүрлі музыканы дамытуға ықпал етеді.
«Бір апта бойына Қазақстан, АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай, Бразилия, Түркия, Оңтүстік Африка, Чехия, Ұлыбритания, Канада, Португалия сияқты өзге де бірқатар мемлекеттердің өкілдері ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнер салалары бойынша пікір алмастырады. Іс-шараға қатысушылар конференция қорытындысы бойынша, ICTM-ге мүше мемлекеттердің материалдық және материалдық емес мәдени мұраларын зерттеу мен зерделеу, құжаттау мен мұрағаттау шараларын жаңа деңгейге көтереді деп үміттенеді»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, ICTM дүниежүзілік конференциялары 1947 жылдан бері екі жылда бір рет ұйымдастырылып келе жатыр. Мұндай жиындар кең ауқымымен және дәстүрлі мәдениеттің әлемдік қауымдастықпен тығыз байланысуымен ерекшеленеді.
Биыл конференция тұңғыш рет Қазақстанда ұйымдастырылып отыр. Жоспар бойынша, ICTM 43-ші халықаралық дәстүрлі музыка конференциясы үстіміздегі жылдың 22 шілдесіне дейін өтетін болады. Шараға 70 шақты елден келген 800-ге жуық музыка өнерінің сарапшылары мен мамандары қатысып жатыр. Бүкіләлемдік форум шеңберінде түрлі тақырыптағы ұлттық дәстүрлі мәдениет пен өнер саласын зертетуге бағытталған пленарлық отырыстар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өтетін болады.
ICTM Басқармасының кезекті дүниежүзілік конференцияны 2015 жылы Астанада өткізу туралы шешімі әлемдік мәдени қоғамдастықтың біздің көп ұлтты және көп конфессиялы елімізге деген мәдени және ғылыми қызығушылықтың артып келе жатқанының дәлелі. Іс-шараға Халықаралық түрік ұйымы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдау көрсетеді.
