Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қолөнершілер фестивалі 2015»

«Қолөнершілер фестивалі 2015»

«Арбат» жастар  шығармашылық көрмесі шеңберінде, кешегі күні, Орталық жағажайда «Қолөнершілер фестивалі 2015» мерекесі өтті.

Павлодар қаласының қолөнершілері, сондай-ақ Екібастұз және Новосибирск қалаларынан келген қонақтар өз еңбектерінің жемісіне бөленіп,  білгендерімен айналасындағылармен бөлісуге дайын тұрды. Екібастұз сабыншылары өздерінің әдемі, көз еліктіретін, тіпті өздік пішіндері бар өнімдерін, мейлі ол кішкентай аю, жүрек, гүл болсын, қысқаша, өз көрерменін тауып, тәнті етті.

Әшекейлер мен ойыншықтардың түр-түрі адам жанын өзіне баурап, құр қол жібермеді. Олар: фоамираннан жасалған шаш бұйымдар, шетелдік өкілдер ұсынған полимерлік саздан жасалған салпыншақ пен сырға, сонымен бірге ашық бояулы жеңіл жейделер, шифон, жібек маталарынан әзірленген текстильді бұйымдар, кофе дәнінен жасалған ерекше өнімдер, даярлығына көп уақытты қажет ететін, киізден жасалған ойыншықтар мен пластикалық қуыршақтар, табиғи тастан жасалған әшекейлер мен қолдан ойылған қабырға сағаттары және де жұқа киізден жасалған жұқа қалпақтар болды.

Осыдан басқа, қала тұрғындарын Шамбала білезігін өру және ақ жейдеге көркемсурет салу бойынша қызықты мастер – класс күтті. Жексенбілік Арбат ықтиятты еңбек өкілдеріне өз табынушылары мен тәжім етушілерін кездестіруіне қолғабыс етті. Ал сатып алушылар өз кезегінде жан шаттығына бөленіп, риза болып қайтты.

   
0
0
2318

Осы тақырып бойынша

«Қолөнершілер фестивалі 2015» - Yvision.kz