Мазмұнға өту

Жаңа

Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды

Витебск қаласында өтіп жатқан «Славян базары-2015» ХХІV Халықаралық эстрада әндерінің орындаушылары арасындағы байқауда Қазақстан атынан өнер көрсеткен Димаш Құдайбергенов жеңімпаз атанды. Ресми түрде жеңімпаз 13 шілде күні «Славян базарының» салтанатты жабылу рәсімінде жарияланады. Алайда, байқау қорытындысы бойынша қазақ әншісінің көш бастап тұрғаны белгілі. Жас әнші екі күннің қорытындысы бойынша 175 ұпай иеленді. Алғашқы күні ол Константин Меладзенің «Опять метель» атты композициясын орындаса, екінші күні «Sos dun terien un detresse» атты француз әнін айтты. Димаш Құдайбергенов Гран-при жеңімпазы атанып, 20 мың доллар көлемінде ақшалай премияға ие болмақ. Екінші орынды Белоруссия әншісі Валерия Грибусова, үшінші орынды болгариялық Николай Манолов иеленді. Атап өтерлік жайт, Димаш Құда…

0
0
1209

Универсиада-2015: жеңіл атлеттер Қазақстанға алтыншы «алтын» әкелді

Қазақстанның жеңіл атлетші қыздары Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Универсиада-2015 жарысында ұлттық құрамаға алтыншы «алтын әкелді». Қыздар бұл медальді эстафетадан (100 метрден төртеу) жеңіп алды. Осылайша, эстафета біткен уақытта Қазақстан жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Виктория Зябкина, Юлия Рахманова, Светлана Иванчукова және Анастасия Тулапина аталмыш дистанцияны 44.8 секунд уақытта бағындырып, АҚШ (44.95) пен Таиланд (45.03) командаларынан озып кетті. Атап өтерлік жайт, бұл жеңіс Зябкинаға Кванджудағы Универсиаданың үшінші «алтын медалін» әкелді. Бұған дейін ол 100 және 200 метрлік дистанцияны жеңген болатын. Бұл –Кванджудағы Қазақстан құрамасының медалі. Енді ұлттық құрамамызда 6 алтын және 4 қола медаль бар. Осының арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есепте оны…

0
0
362

Арманы асқақ теңізші

Толқыны жан тербеген сұлу Каспий талайды өзіне тәнті етіп, ынтықтыра берері сөзсіз. Біз бүгін толқыны тентек Каспий теңізіне ғашық ару Жанар Ибраева туралы сөз қозғамақпыз. Әскери-теңізшілердің бел ортасында ерлермен иық тірестіре жауапты міндет атқарып жүрген теңізші қыз – Жанардың армандары асқақ. Жанар – 29011 әскери бөлімінің Әртекті кемелер дивизионында қызмет ететін жалғыз қыз. Ол – Ақтөбе өңірінде дүниеге келген. Жоғарғы оқу орынын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған аруды «теңізші болсам» деген арман әскери салаға жетеледі. 2011 жылы Астана қаласындағы ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшылығына қызметке орналасады. –Қолбасшылықта қызмет атқарып жүрген кезде жауынгерлік кезекшілікке түсеміз ғой,- деп бастады Жанар әңгімесін. – Кезекшілік барысында Ақтаудағы әскери бөліммен ба…

0
0
1209

Әсет Сисенов: Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жаңалығы көп

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының актері Әсет Сисенов және «Жалында» би ансамблінің мүшелері Аялы Бақытбек пен Амина Латиф бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөліскен Әсет Сисенов: «Бүгінде театрымызда жаңалық көп.

Биылдың өзінде 4 ірі спектакль, 2 балаларға арналған қойылым қойып, Ялтада, Бішкекте  өтетін фестивальдерге жолдама алдық. Театр жас актерлер мен режиссерлерге де толығып келеді»,-дейді. Халықаралық «BRAVISSIMO» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі-сайысында екінші орынды иеленген жас бишілер алғашқыда қобалжып, билей алмай қаламыз ба, деп жүрексінгендерін айтады.

Бірі әнші, бірі биші болғысы келетін екі өреннің «Әдемі-ай» биін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

0
0
888

1 жастан 3 жасқа дейінгі баланы қалай тамақтандыру керек?

1 жастан 3 жасқа дейінгібалалар тым тез өсетіндіктен, қозғалғыш болады. Көп энергия жоғалтады. Сондықтан сәбиге түрлі тағамдар беру керек. Бала шашалып қалмауы үшін жемістердің қабығын аршып берген жөн. Жаңғақ, жүзім, сәбіз сияқты жеміс-жидектерді беруге болмайды. Бала отбасымен бірге таңертең, түсте және кешке тамақтанады. Отбасының барлық мүшесіне арналған тағамды ішеді. Балалы отбасы рационына мынадай тағамдар кіру тиіс: - Ет, бауыр, балық, бұршақ тұқымдас дақылдар, піскен жұмыртқа; - Түрлі көкөністер, жемістер, жаңғақтар; - Сүт және сүт өнімдері (сүзбе, ірімшік, қатық және айран). Сәбидің порциясы 300 мл-ден аспауы тиіс (1,5 стақан). Сондай-ақ, қосымша 2 рет тамақ беру керек. Мысалы: жемістер, нан мен айран, айран, ет немесе ішек-қарын қосылған самса, қаймақ жағылған құймақ. Балаға тә…

0
0
50746

«Bala Turkvizyon» байқауына Маңғыстау облысының атынан қатысатын баланың есімі белгілі болды

Ақтауда өткен «Bala Turkvizyon» халықаралық балалар әні байқауында  Форт-Шевченко қаласының тұрғыны Аружан Сағынғалиева топ жарды. Енді ол  Астанада өтетін финалға Маңғыстау облысы атынан қатысады.

Аружан - 11 жаста. Вокалмен айналысқанына 3 жыл болған. Соңғы бір жыл бойы ұстазы Аида Байгеловадан М.Өскінбаев атындағы филармонияда кәсіби вокалдан сабақ алуда.

Кастингті  Кәмшат Жолдыбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова және «КешYou» тобының мүшесі Жұлдыз өткізді. Іріктеуге Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінен 8-13 жас аралығындағы 100-ден астам бала қатысқан.

Айта кетейік, «Bala Turkvizyon» халықаралық балалар әні байқауының Атырау облысындағы Ұлттық іріктеуі 15 шілде күні Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында өтеді.

0
0
210

«Қазақстан дауысы» жобасының үшінші тәлімгері ауысты

Медеу Арынбаевтың орнына Рүстем Нұржігіт келді. «Қазақстан дауысы» жобасының тәлімгерлері ауысты. Үшінші маусымда Медеу Арынбаевтың орнына Рүстем Нұржігіт келді. Бұл туралы «Қазақстан дауысы» жобасының директоры Кенже Жұманұлы хабарлады. Медеу Арынбаев осыған дейін екі маусымда қатысушыларға жетекшілік еткен. Мамыр айында еліміздің төрт қаласында өткен арнайы іріктеу кезеңіне де қатысқан. Айта кетейік, жобаның алғашқы маусымында көрерменнің қолдауымен Нұрлан Албанның тобындағы Шахаризат Сейдахмет жеңіп шықса, биылғы маусымда Алмас Кішкенбаевтың тобынан Бауыржан Ретбаев «Қазақстан дауысы» атанды. Байқаудың ерекшелігі сол мұнда қатысушылар тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайды. Тәлімгерлер алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушының ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайды. Финалға д…

0
0
390

Шведова Румыниядағы турнирде Пашекті жеңді

Бухаресттегі  теннис турнирі  екінші айналымының ойындары басталды. WTA бойынша 79-шы орындағы қазақстандық теннисші Ярослава Шведова әлемнің 243-ші ракеткасы австриялық Тамира Пашектен 7:6, 7:6 есебімен басым түсті.

Матчтың 1 сағат 54 минуты ішінде Ярослава бес брейк-пойнтты жүзеге асырды.

Турнирдің үшінші кезеңінде Шведова румыниялық Кристина Динумен кездеседі, деп хабарлады sports.kz.

Басты сөздер: Спорт
0
0
417

UWW әлемдік палуандар рейтингінде 6 қазақстандықтың есімі бар

Грек-рим стиліндегі күрестен жаңартылған UWW әлемдік палуандар рейтингі жария болды.

Рейтинг тізімінде алты қазақстандықтың есімі жазылған, деп хабарлайды baistars.kz.

59 келіде өнер көрсететін Алмат Кебіспаев — 19-шы орында. Демеу Жадырәлиев (66 келі) — 12-ші орында және тағы бір осы салмақ өкілі Айбек Еңсеханов — 17-ші орында.

Ал Асхат Ділмұхамедов (80 келі)  - 14-ші орында болса, 85 келіде күресетін Нұрсұлтан Тұрсынов 19-шы орында.

Жерлестеріміздің арасында ең үздік көрсеткіш аса ауыр салмақта күресіп жүрген  Нұрмахан Тінәлиевтің еншісінде. Ол 5-ші орында тұр.

0
0
342

Қазақстан қоржынына алтыншы алтын түсті

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан Универсиада ойындарында қазақстандық спортшылар 6-шы алтын медальға қол жеткізді.

Бұл туралы Спорт.кз хабарлады.

Жеңілатлетші қыздар арасындағы спринтерлік  эстафетада (4×100) жерлестеріміз қарсылас шақ келтірмеді. Құрамында Виктория Зябкина, Светлана Иванчукова, Юлия Рахманова, Анастасия Тулапина бар біздің команда — бірінші, америкалықтар — екінші, таиландтықтар үшінші орын алды.

Айта кетейік, кеше сырықпен секіруден Никита Филлипов 5 метр 50 см биіктікті бағындырып, құрама қоржынына 5-алтынды салған болатын.

Басты сөздер: Спорт
0
0
356