Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда ең үздік әлеуметтік жобалар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2015 жылы «Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсы өтетіндігі туралы хабарлайды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Бұл конкурс республикада үш жыл бойы өткізіліп жатыр. Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт адамдарға, өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, басқа да халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына нақты көмек көрсету болып табылады.

Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі  комиссиялар құрылған, олардың құрамына үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері, әкімдердің әлеуметтік мәселелерімен айналысатын кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясы бөлімшелерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және басқа да мүдделі адамдар кірді.

Конкурсқа қызметтері әлеуметтік қорғау жүйеісін дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектердің ұйымдары, жеке тұлғалар, басқа мекемелер мен ведомстволар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдердің қабылдануын жергілікті атқару органдары 31 тамызға дейін жүзеге асырады.

Облыстық комиссиялардың талқылауының қорытындысы бойынша ең үздік әлеуметтік жобалар республикалық комиссияның қарауына ұсынылады, олар конкурсттың лауреаты атағын беру туралы шешім қабылдайды.

Ең үздік әлеуметтік жобалардың тұсаукесер рәсімі және конкурс жеңімпаздарын марапаттау әлеуметтік қорғау жүйеі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтеді.

«Қазақстанда іске асырылып жатқан ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық конкурсы бірінші рет Астанада 2013 жылы өткенін естеріңізге саламыз.

Конкурсқа Қазақстанда іске асырып жатқан: жастарды, балалар мен жасөспірімдерді; отбасыларды (отбасылық сәтсіздіктің алдын алу); қиын жағдайларға тап болған әйелдер мен ерлерді; қарттарды, девианттық және делинквенттік міңез-құлыққа,  аддикцияға бейім адамдарды;  мигранттарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша жобалар қатысты. Оларға көмек көрсету, материалдық тұрғыдан, моральдық тұрғыдан көмек көрсету жолдары қарастырылады.

Ақпарат көзі

 

0
0
507

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда ең үздік әлеуметтік жобалар конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды - Yvision.kz