Мазмұнға өту

Жаңа

«Қайыршылар — бай» дегенге сенбейтінмін.

Өскен сайын өзгергің келеді ме бір қызық, әйтеуір оқушы кезіммен салыстырғанда әлде қайда басқамын. Қалай басқа кісіге айналғанымды өзімде байқамаппын осы кезге дейін. 11 сыныпты енді ғана бітірген сіңілілеріме "құрбың болса да құрметтеп сөйлессейші", "оооой қандай тормозсың", "жүре берші и, жақсы киініп тұрсың кім не десе о десін" деген сөздерді айтып алып, қорытындыласам 16 жастағы Назгүлге ұқсатамын оларды. "Адидастың толстовкасың алғым келіп жүр." деген сөйлемдегі "Адидасым" көйлекке алмасыпты. Сенсіреп сөйлейтінім бар еді, өзімнен 4ақ жас улкен кісіге "сіз" деп құрбымды таң қалдырғаным да бар. Сондай-ақ қорқынышты кинолардың орнын "қорқынышты" жаңалықтар басыпты, иә жағымды жаңалық дегің-ақ келеді, бірақ асып-тасып тұрған олар жоқ. Қай арнаны көрсең де көп балалы ананың құлап тұрған…

0
0
2710

19-25 тамыз аралығында Астана әуежайындағы түнгі рейстерге шектеу болады

Алдағы 19-25 тамыз аралығында Астана Халықаралық әуежайы түнгі сағат 22-00 -ден 03-00-ге дейін ұшақтарды қабылдап, ұшыруды уақытша тоқтатты, деп хабарлады "ҚазАқпаратқа"әуежайдың маркетинг және қоғаммен байланыс бөлімінен.


«Оның басты себебі, түнгі уақытта ұшу-қону алаңында жарық-сигналдары берілмейді», делінген хабарламада. 
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Астана әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа терминал мен ұшу-қону алаңын жөндеуге 60 млрд.теңге жұмсалады.

http://www.inform.kz/

0
0
339

Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлт Жоспарын іске асыру бойынша брифинг өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарын іске асыру және сот жүйесінің 2015 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындыларына арналған брифинг болып өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/ortalyk-kommunikaciyalar-kyzmetinde-ult-zhosparyn-iske-asyru-boyynsha-brifing-otti

0
0
414

Әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту басымдылығы!

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары, сонымен қатар Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығы директорының қатысуымен қызметтік мәселелер және халыққа мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасы бойынша баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Қызметінің түрлі бағыттары бойынша облысымыздың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы 20 мемлекеттік қызмет көрсетуде. Жалпы облыс бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өткен жылы азаматтарға 56 мыңнан астам қызмет ұсынған, олардың басым бөлігі облыс орталығына тиесілі – 16 мыңға жуық. 2015 жылдың 1 жарты жылдығында 26 мыңнан астам қызмет көрсетілді.Әлеуметтік…

0
0
699

Жамбыл ауданының жастары: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»

Ағымдағы жылғы 22 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен «Жамбыл ауданының жастар бастамалары орталығы» КММ қоғамдағы жемқорлық сипаттарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша семинар өткізілді. Семинарға ауданның мемлекеттік органдарының жас қызметкерлері, жас кәсіпкерлер, этно-мәдени орталықтар, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері мен жастар қатысты.Кездесуде 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ұғымдары, мемлекеттік қызметке өту тәртібі, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістеріне жастардың көзқарасы талқыға салынды. Іс-шара барысында сауалнама жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы слайдтар мен бейне роликтер көрсетілді, бұған қоса ақп…

0
0
403

М. Жұмабаев ауданының қызмет алушылары өз құқықтарынан хабардар


Ағымдағы жылғы 21 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен М. Жұмабаев ауданының жастар және балалар бастамалары орталығының мамандары аудандық ХҚКО және аудандық емханада «Менің мемлекеттік қызмет алу кезіндегі құқықтарым», «Жемқорлық қол сұғушылықтардан өзін-өзі қорғау» ақпараттық үнпарақтарын тарату бойынша «Хабардар бол» акциясын өткізді. Акция аясында 50-ден астам үнпарақтар таратылды.


0
0
227

«Енеммен ерегіскім келмейді...»

«Әйел бақыты» кейіпкері бүгін 15:00-де сырымен бөліспек.

Қазіргі таңда шаңырақ көтерген жас отбасылардың дені  ата-анадан бөлек тұрғанды жөн көреді.  Олардың ойы ата-енемен  алыстан сыйласу  арадағы жақсы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі. Кейбір ата-ана балалардың жеке тұруына өздері жағдай жасайды. Себебі, қартайғанда келініне масыл болғысы келмейді. Алайда, жалпы  қазақ қоғамында болмаған мұндай жайт қаншалықты дұрыс? Бүгінгі «Әйел бақыты» кейіпкерінің де басында осындай жағдай. Ол айрандай ұйыған шаңырағы шайқала ма, деп қорқады. Себебі, жуырда қолына енесі көшіп келмек. Алыстан «алдап» сыйласып жүрген үлкен кісімен тіл табыса алмаса, шаңырақтың шырқы бұзылуы әбден мүмкін, дейді.

Жағдайды қалай жақсартуға болады? бүгін 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
358

Ақмола облысында жастар жемқорлыққа қарсы акция өткізуде

Есіл ауданының жастары жемқорлыққа қарсы акция өткізді, деп хабарлады Ақмола ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы». Жастардың жемқорлыққа қарсы көқарасын қалыптастыру үшін Ақсай орта мектебінде «Жастар жемқорлыққа қарсы акциясы» өтті. Оған белсенділер, оқушылар мен еңбек жастары, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Акция барысында 200 ақпараттық буклет таратылды. Парақшада «Жемқорлықтан өзіңді қалай сақтауға» болатыны туралы жазылған. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар флешмоб өткізді. Онда қатысушылар «Біз жемқорлыққа қарсымыз ұрандарын айтты. Ауылдың басты көшелерімен шеру жүріп өтті. Іс-шараның мақсаты – қоғам мен жастар арасында «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарлату. Қазіргі уақытта сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік құбыл…

0
0
353

eGov пайдаланушыларының саны 4 миллионға жетті

Қазақстанның электрондық үкіметі порталында 4 миллионыншы пайдаланушы тіркелді. eGov-тың мерейтойлық пайдаланушысы Ақтөбе қ. тұрғыны Анна Вендер болып шықты, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ. eGov танымалдылығы күннен күнге артып келеді. Бұдан 7 ай ғана бұрын портал пайдаланушыларының саны 3 миллион белгісінде болды. Ал өткен жылдың сәуір айында бұл сан 2 миллионды құрады. Пайдаланушылар санының артуы кездейсоқ емес – жыл сайын порталда қызметтердің саны артып келеді. Мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу арналары кеңейіп жатыр. eGov қызметтерін ХҚКО-да, қарапайым компьютер арқылы, қоғамдық қол жеткізу пунктілерінен, eGov мобильдік қосымшасы және SMS-арнасы арқылы пайдалануға болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі. Өткен жылдан…

0
0
248

2015 жыл 12 жылдық білім беруді енгізудің бастамасы

12 жылдық білім беруді енгізу 1,5,11 сыныптар бойынша жүзеге асады. 2015-2016 жылдары оқитын оқушылардың жоспары 197 962 адамды құрап отыр, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы. 12 жылдық білім алуға көшудің дайындық кезеңі басым бағыттардың жүзеге асырылуына назар аударады, Ұлт жоспарының 7 бөлімінде адамзаттық капиталды жоғарылату болып саналады. Соңғы бағыт білім беру қызметіне тең дәрежеде қолжеткізуге арналған. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10-11 сыныптарға апробациялық жүйені енгізу 63- мектепте жүзеге асырылады. 1-9 сыныптарды қаржыландыру жергілікті бюджеттен бөлінсе, 10-11 сыныптар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ұлт жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі дайындықты жетілдіру жүзеге асырылады. Кәсіптік білімді енгізу, азкешенді мектептердің мәселесін шешу, ұстаздардың бі…

0
0
215