Мазмұнға өту

Жаңа

100 нақты қадам

2015 жылғы 24 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары - Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразәлінің қатысуымен Қызылорда қалалық әкімдігінде «Ұлт жоспары 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты институционалдық бес реформасын түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Семинарда Ұлт жоспарының 15 қадамы аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша нақты түсінік берілді. Атап айтқанда: Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу; 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы төлеудің факторлық-баллдық шкаласына көшу; Мемлекеттік қызметшілердің нәтижеліліктерін тұрақты бағалап, бонустар төлеп отыруды енгізу; Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту; «Мемлек…

0
0
534

Басшы басып айтқан мәселелер

Әкімдердің есеп беруі Отырар ауданында жалғасты. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов аудан тарапына берілген тапсырмалардың орындалуын талдап-таразылады. Сала жетекшілерінен жауап алынды. Отырар - ауыл шаруашылығына бейімделген аудан. Жер мәселесі осы себептен де өзекті. Өңір басшысы ауыл шаруашылығындағы жерлер кімге берілген, ол неліктен игерілмей отыр деген сұрақтарды төтесінен қойды. Бірыңғай дерекқор қалыптастыруды жүктеді. Құрылыс саласы бойынша нысанаға мердігерлердің мәселесі алынды. «Олардың жауапкершілігін арттырып, бірізділікке түсіреміз», - деді өңір басшысы. Бүгінде ауыл әкімдерінің құзіреті кеңейтіліп, олардың дербес бюджет қалыптастырып, айыппұл салу мүмкіндігі бар. Осыны тиімді пайдаланған жөн. Қолданысқа берілген нысаннан кепілдік мерзімі ішінде ақаулар анықталса, ауыл әкімдері…

0
0
254

Алматы қаласының метрополитенінде «Шеберлер қаласы» көрмесі ашылды — В метрополитене г. Алматы открылась выставка «Город Мастеров»

24 шілдеде «Мәскеу» бекетінде (Абай даңғылы бойында, Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының ортасында) «Шеберлер қаласы» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге Ресей (Евтифеева Натальяның кестелері), Украина (Иван Варейчук, Андрей Чубарев және Александр Кочубей) және Қазақстан (Бабич Евгении, Еремина Галина, Дмитрий Шорохов, Рустам Мингазов) авторларының жұмыстары қойылды. Бұдан басқа, көрмеге Дубайдағы конкурс жеңімпазы, «Вернисаж» Мәдениет және ағарту МКМ көрмелерінің директоры, дизайнері, безендірушісі, Қазақстан Республикасының Суретшілер мүшесі – Анна Петракованың жұмыстары қойылады. Аннаның жиырмаға жуық жеке көрмелері өткізілген, сонымен бірге ол 40-тан астам топтық көрмелерге қатысқан. Оның жұмыстары Грекияның, Малайзияның, Швейцарияның, Англияның, Жапонияның, Германияның, Түркиян…

0
0
1408

Астанада «Жұлдыздар шеруі» Халықаралық байқауы өтті

Бүгін Астанада, «Жастар» сарайында «Жұлдыздар шеруі» Халықаралық байқау-фестивалі өтті. Шараға Қазақстан мен Ресейден 5 пен 25 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Жас өнерпаздар хореография, эстрадалық вокал, көркемсөз оқу шебері және сазды аспаптар жанры номинациялары бойынша бақ сынады. Байқауға Қазақстаннан өнер қайраткері, білім беру саласының құрметті азаматы Марат Қуанышбек, Ресейден музыкалық продюсер, режиссер Игорь Димин төрелік етті. Қатысушылардың байқауға тыңғылықты дайындалғаны байқалып тұрды. Көркемсөз оқу шеберлігі номинациясы бойынша ақтөбелік Назерке Бақытжан, Әлібек Сербаев және Ақбота Мұханбетәлі Абай Құнанбаевтың, Мұқағали Мақатаевтың және Мұхтар Шахановтың өлеңдерін мәнерлеп оқуда алдына жан салмады. Қарағандылық өнерпаз Иван Морданов Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас»…

0
0
863

Астанада Президент кубогы сарапқа салынады Edit This Post

Ертең елорда төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде күрес түрлерінен ҚР Президенті кубогы жолындағы жарыс басталады. Жыл сайын өтетін дәстүрлі турнир биыл үш күнге созылмақ. Бұған дейін Президент кубогы жолындағы бәсеке тек грек-рим күресі шеберлері арасында сарапқа салынып келген. Ал биыл ұйымдастырушылар жарыстың аясын кеңейтіп, бірінші рет еркін күрес пен қыздар күресін қосып отыр. Сондай-ақ, жарыс тұңғыш рет командалық сайыс түрінде өтеді. ҚР Президенті кубогы жолындағы турнирге Ресей, Үндістан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, және Беларусь елдерінің білекті балуандары қатыспақ. Дәстүрлі турнирге еліміздің ең мықты деген балуандары бірінші және екінші құрамда өнер көрсетеді. Бірақ, бәсі биік додаға грек-рим күресінен Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының үш дүр…

0
0
499

«Қайрат» Еуропа Лигасының үшінші кезеңіне шықты

«Қайрат» екі ойынның қорытындысы бойынша  «Алашкерттен» басым түсіп,  Еуропа Лигасының үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасына 1:2 есебімен ұтылды. Дегенмен  апта бұрын Алматыда  болған алғашқы кездесуде «Қайрат» 3:0 есебімен жеңген еді.

Енді жерлестеріміз Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Хорватияның «Риека» және Шотландияның «Абердин» командалары арасындағы бәсекенің жалпы есеп бойынша жеңімпазымен кездеседі.

УЕФА Еуропа лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. «Алашкерт» (Мартуни, Армения) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) (1:1).

   
Басты сөздер: Спорт
0
0
281

Геннадий Головкин: Уордпен бір салмақта айқасқым келеді

WBA/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы  әлем чемпионы Геннадий Головкин Андре Уордпен тең жағдайда, 164 фунт салмақта айқасқысы келетіндігін мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұдан бұрын Уорд жекпе-жекті оның салмағы — 168 фунтта өткізуді талап еткен болатын.

«Ол мықты боксшы және біз үшін қызықты да. Бізге ғана емес, баршаға. Мен 50 де 50 болғанын қалаймын. Ол менімен жұдырықтасқысы келеді. Мен бұған толық дайынмын. Қазіргі уақытта оның жағдайы осыдан екі жыл бұрынғыдай емес. Ал менің жағдайыма келетін болсақ, анағұрлым  тәуір. Мен гонорардың да, салмақтың да 50 де 50, яғни тең болғанын қалаймын. Бұл көңілге қонымды»,-деп атап өтті Геннадий.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
219

«Астана»-«Марибор» матчы оны тамашалауға жиналған жанкүйерлер саны бойынша еурокубок матчтарының үздік үштігіне енді

Елордалық «Астана» футбол командасы мен словениялық «Марибор» матчы оны тамашалауға жиналған спортсүйер қауымның саны бойынша еурокубоктардағы қазақстандық клубтардың өз алаңында өткізген матчтарының үздік үштігіне енді, деп жазады Sports.kz. Айта кетейік, 22 шілде күні «Астана-Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» футбол командасы словениялық «Мариборды» қабылдап, 3:1 есебімен ұтты. Бұл матчты 23 650 адам тамашалаған. Осылайша, бұл ойын ең көп жанкүйер жиналған ойындардың үштігіне енді. Сонымен, еурокубоктардағы ең көп жанкүйер жинаған қазақстандық футбол клубтарының өз алаңындағы мачтары: 1. «Шахтёр» (Қарағанды) — «Селтик» (Шотландия). «Астана Арена» 29 950 көрермен тамашалады; 2. «Астана» (Астана) — «Вильярреал» (Испания). «Астана Арена» 27 500…

0
0
216

Олжас Абраев УЕФА-ның бірінші санаттағы судьялары қатарына қосылды

УЕФА-ның 2015/16 маусымдағы футбол төрешілерінің тізімі жарияланды, деп жазады Sports.kz.

Төрт санаттан тұратын футзал тізіміне екі қазақстандық төреші енді. Бірінші санатқа 30 жастағы астаналық Олжас Абраев кірсе, үшінші санатқа қостанайлық 30 жастағы Талғат Қосмұхамбетов қабылданды.

Басты сөздер: Спорт
0
0
309

Қазақстан Республикасы ДСӘДМ шетелдік жұмыс күшін тарту үрдісін қайта қарауды ұсынуда

Қазақстан Республикасы ДСӘДМ қолданыстағы шетелдік жұмыс күшін тарту жүйесін жетілдіру жолдарын ұсынуда. Қазіргі таңда көші-қон және жұмыспен қамту мәселелері бойынша Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді, деді ОКҚ брифингінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов. «Заң жобасында шетел мамандарын (жұмыс істеу үшін Қазақстанға өз еркімен келген азаматтар) квотадан тыс және рұқсатсыз тарту, біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы енгізу, шетелдік жұмыскерлерді балдық жүйе бойынша бағалау мәселелері қамтылған. Шетел жұмыскерлері үшін өздігінен жұмысқа орналасу бойынша басым бағыттар анықталатын болады (эконимикалық қызмет түрлері)», - деді Б.Нұрымбетов. Сондай-ақ, заң жобасында жұмыс берушілердің шетелд…

0
0
349