Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту басымдылығы!

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары, сонымен қатар Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығы директорының қатысуымен қызметтік мәселелер және халыққа мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасы бойынша баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.


Қызметінің түрлі бағыттары бойынша облысымыздың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы 20 мемлекеттік қызмет көрсетуде.

Жалпы облыс бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері өткен жылы азаматтарға 56 мыңнан астам қызмет ұсынған, олардың басым бөлігі облыс орталығына тиесілі – 16 мыңға жуық. 2015 жылдың 1 жарты жылдығында 26 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
Әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы тегін көрсетілетіндігін атап өткен жөн. Азаматтарға көрсетілетін 20 қызметтің 10-ы Халыққа қызмет көрсету орталығы және 7 қызмет электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығында «Оралман статусын тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуді енгізу жоспарланған.


Мүгедектерге арналған нысандардың қол жетімділігі мәселесі бойынша тілшілердің сауалдарына жауап берген СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Ж. Сақыпкереев: «Мүгедектердің қол жетімділік деңгейін бағалау мақсатында аймақтың барлық аудандары мен Петропавл қаласында әлеуметтік, көліктік инфра құрылым нысандарын төлқұжаттау өткізілді. Тексерілген объектілердің жалпы саны 2271»-деп, мәлімдеді.
Сондай-ақ баспасөз мәслихаты барысында аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылу жайындағы тақырыптарда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы мен Петропавл қ. жұмыспен қамту орталығының директоры өз баяндамаларын оқыды.

0
0
695

Осы тақырып бойынша