Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жамбыл ауданының жастары: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»



Ағымдағы жылғы 22 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен «Жамбыл ауданының жастар бастамалары орталығы» КММ қоғамдағы жемқорлық сипаттарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша семинар өткізілді.


Семинарға ауданның мемлекеттік органдарының жас қызметкерлері, жас кәсіпкерлер, этно-мәдени орталықтар, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері мен жастар қатысты.
Кездесуде 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ұғымдары, мемлекеттік қызметке өту тәртібі, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістеріне жастардың көзқарасы талқыға салынды.


Іс-шара барысында сауалнама жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы слайдтар мен бейне роликтер көрсетілді, бұған қоса ақпараттық үнпарақтар таратылды.

0
0
396

Осы тақырып бойынша

Жамбыл ауданының жастары: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» - Yvision.kz