Ақмола облысында жастар жемқорлыққа қарсы акция өткізуде
Есіл ауданының жастары жемқорлыққа қарсы акция өткізді, деп хабарлады Ақмола ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».
Жастардың жемқорлыққа қарсы көқарасын қалыптастыру үшін Ақсай орта мектебінде «Жастар жемқорлыққа қарсы акциясы» өтті. Оған белсенділер, оқушылар мен еңбек жастары, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Акция барысында 200 ақпараттық буклет таратылды. Парақшада «Жемқорлықтан өзіңді қалай сақтауға» болатыны туралы жазылған.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар флешмоб өткізді. Онда қатысушылар «Біз жемқорлыққа қарсымыз ұрандарын айтты. Ауылдың басты көшелерімен шеру жүріп өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғам мен жастар арасында «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарлату.
Қазіргі уақытта сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да тамырын жайып отыр. Сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үрдісіне, рыноктық экономиканың құрылысына, инвестицияларды тартуға залалын келтіруде. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына да кері әсерін тигізуде, болашақтағы еліміздің дамуына үлкен қатер төндіруде. Қазақстанда, Шығыс Қазақстан облысында және Зырян ауданында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, жемқорлықтың ел дамуына қандай тежеу болатынын, елді қаншалықты артқа тартатынын көрсетіп жастарды тәбиелеу жұмыстары қолға алынуда. Дұрыс тәрбие еліміздің мәңгілік болуына бірден бір бастар жол.
Осыдан 12 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 9 желтоқсанды «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн» деп жариялаған болатын.
Әлемнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білек сыбана күресуі бекер емес. Сарапшылардың айтуынша, кейбір елдерде бұл келеңсіздік қоғамның тұрақсыздығына себепші болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған халықаралық шарт осынау қауіптің алдын алуды, болдырмауды, сонымен қатар жемқорлардың жазасыз қалмауын көздейді. Бүгінде конвенцияға 140 мемлекет қол қойған, 80-і шартты бекітіпті. Қазақ елі де – жемқорлықты бұғаулауға шындап кіріскен мемлекеттердің қатарында.
