eGov пайдаланушыларының саны 4 миллионға жетті
Қазақстанның электрондық үкіметі порталында 4 миллионыншы пайдаланушы тіркелді. eGov-тың мерейтойлық пайдаланушысы Ақтөбе қ. тұрғыны Анна Вендер болып шықты, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
eGov танымалдылығы күннен күнге артып келеді. Бұдан 7 ай ғана бұрын портал пайдаланушыларының саны 3 миллион белгісінде болды. Ал өткен жылдың сәуір айында бұл сан 2 миллионды құрады.
Пайдаланушылар санының артуы кездейсоқ емес – жыл сайын порталда қызметтердің саны артып келеді. Мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу арналары кеңейіп жатыр. eGov қызметтерін ХҚКО-да, қарапайым компьютер арқылы, қоғамдық қол жеткізу пунктілерінен, eGov мобильдік қосымшасы және SMS-арнасы арқылы пайдалануға болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі.
Өткен жылдан бастап электрондық үкімет порталы пайдаланушыларды жеке басты куәландыратын құжаттардың, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы, автокөлікті техникалық байқаудан өткізу керектігі, айыппұлды өтеу қажеттілігі және басқалары туралы хабарландырады.
eGov.kz электрондық үкімет порталы 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына онлайн қызметтер көрсетеді. 2015 жылдың 1 шілдесіне қарасты электрондық үкіметпен 100 миллионнан астам электрондық қызмет көрсетілді. 2014 жылы БҰҰ электрондық үкіметтің даму рейтингінде Қазақстан 2012 жылмен салыстырғанда 10 сатыға көтеріліп, 28 орынға ие болды.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың маусым айы бойынша Электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы 1 млрд.-тан астам теңге сомасына 100 мыңнан астам төлем жүргізілді. Бұл айсайынғы транзакциялар арасында абсолюттік рекорд болып табылады.
Өткен жылдың маусым айында бұл сома 191 млн. теңгені құрады, ал бүкіл 2014 жыл бойынша – 3 млрд теңге. 2015 жылы төлемдердің жалпы сомасы 4 млрд. теңгеге жақындады.
Қазақстандықтар eGgov арқылы көбінесе жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды, мемлекеттік бажды, салықтарды және ұялы байланыс үшін төлемдердітөлейді. Осы жылдың маусым айында ғана ЭҮТШ арқылы мемлекеттік қазынаға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 800-ден астам миллион теңге, мемлекеттік баж үшін шамамен 64 миллион теңге, 35,5 млн. теңге салық келіп түсті. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері өздерінің депозиттік және несиелік шоттарына 52 млн.-нан астам теңгені аударды. .
Естеріңізге салсақ, электрондық үкімет порталының пайдаланушылары онлайн режимінде мемлекеттік қызметтер үшiн төлемдер, салықтар, айыппұлдар коммуналдық қызмет, байланыс қызметі, ұялы байланыс, мемлекеттік баж салығын төлей алады және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшоттарды толтыра алады.
