Жыл басынан қазақстандықтарға 3 млн-ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтарға 2 911 622 мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлады ДСӘДМ. Бұл туралы бүгін Орал қаласында «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының (ЗТМО) 2015 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысы мен екінші жартыжылдықтың негізгі міндеттері туралы» тақырыбында БҚО әкімі Нұрлан Ноғаевтың, ЗТМО басшылары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткен алқа мәжілісінде ЗТМО бас директоры Біржан Жүнісов хабарлады. Жиында Қазақстанның саяси және экономикалық жетілдіру жағдайындағы әлеуметтік саясаты талқыланып, сонымен қатар ЗТМО-ның бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарының жүзеге асырылуы қорытындыланды. Сондай-ақ, шара барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеум…

