Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2015 жыл 12 жылдық білім беруді енгізудің бастамасы

12 жылдық білім беруді енгізу 1,5,11 сыныптар бойынша жүзеге асады. 2015-2016 жылдары оқитын оқушылардың жоспары 197 962 адамды құрап отыр, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

12 жылдық білім алуға көшудің дайындық кезеңі  басым бағыттардың жүзеге асырылуына назар аударады, Ұлт жоспарының 7 бөлімінде адамзаттық капиталды жоғарылату болып саналады.

Соңғы бағыт білім беру қызметіне тең дәрежеде қолжеткізуге арналған. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10-11 сыныптарға апробациялық жүйені енгізу 63- мектепте жүзеге асырылады.

1-9 сыныптарды қаржыландыру жергілікті бюджеттен бөлінсе, 10-11 сыныптар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Ұлт жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі дайындықты жетілдіру жүзеге асырылады.  Кәсіптік білімді енгізу, азкешенді мектептердің мәселесін шешу, ұстаздардың біліктілігін арттыру.

2016 жылға дейін өңірде 91 нысанның құрылысы қарастырылған, оның ішінде 12 720 орындық 50 мектеп пен  3200 орындық 16 балабақша, 44 ресурстық орталық бар.

«XXI ғасырда білімді дамыта алмаған мемлекет тоқырауға ұшырайтыны сөзсіз.... Барлық нәрсе мектептен басталады. Сондықтан, біз 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіби деңгейін, оқулықтар мен оқыту бағдарламаларының сапасын көтеруіміз қажет.» Н.Ә.Назарбаев.

Қазiргі әлeмде бoлып жaтқан қарқынды өзгерістер әлeмдік бiлім бeру жүйeсін қaйта қaрау қaжет eкендігін пaш eтті. Елдің экономикалық өсуінің тұрақтылығы негізінен білім беру саласында қамтамасыз етіледі. Аталған мақсатқа білім жүйесіне жаңа ұйымдастырушылық экономикалық механизмді енгізу, білім саласының өсуін қамтамасыз ету, білім құрылымын, оқытудың мазмұны мен технологиясын жаңарту, білім беру саласына білікті мамандарды жұмылдыру, орта мектептің жаңашыл әлеуетін көтеру арқылы жетуге болады.

12 жылдық білім беру жағдайында «Оқушы тек білім алушы ғана ма?» деген сұрақ туындайды. Оқушы ізденуші, зерттеуші,басқарушы, ұйымдастырушы, кеңесші, көшбасшы, дербес әрі жеке тұлға.Мұғалім-білім беру үрдісінде негізгі субьект,оның кәсіби шеберлігі мен пәнін терең білуі оқушы бойындағы құзыреттіліктің даму көзі. Осы көзқарас тұрғысынан келсе,12 жылдық мектепте оқушы бойында негізгі құзыреттіліктерді дамытуға баса назар аударылады. Құзыреттілік  оқытуда алғашқы кезекке оқушыны дайын біліммен қаруландыруды емес, проблеманы шеше білуге үйретуді шығарады.

Ақпарат көзі

 
0
0
208

Осы тақырып бойынша

2015 жыл 12 жылдық білім беруді енгізудің бастамасы - Yvision.kz