Қазақстанда 330 мың бала бірінші сыныпқа барады
Қазақстанда 2 млн 600 мың оқушы бүгін 1 қыруүйек күні 7,5 мың мектептің есігін ашады, деп хабарлады ҚР БҒМ.
2015 жылы бірінші сыныпқа 336 мың қазақстандық бүлдіршіндер барады.
Айта кетерлігі, Ұлт жоспары 100 нақты қадамды жүзеге асыру барысында білім беру және ғылым саласында жүйені жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жан басына қаржыландыруды 126 пилоттық мектепке енгізу жоспарланған. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша шетелдік кітаптарды тексеру жоспарланған, ағылшын тілінде 40 білім беру бағдарламасы құрылады, алдын ала дайындықтан 2,4 мың оқытушы өтеді.
«76 қадам аясында мектептерді ынталандыру және 96 мектепке жыл сайын грант беру мәселесі қарастырылған. 2022 жылдан бастап ҚР-ның барлық мектептері 12 жылдық білім беруге көшеді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Елімізде алғаш рет 1 қыркүйек күні «Ерлік сабақтары» өтеді.
Бүгін, 1 қыркүйек – халықаралық білім күні бүкіл Қазақстан бойынша алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде «ҚР Қорғаныс министрінің бастамасымен ҚР Білімжәне ғылым министрлігімен бірге «Ерлік сабақтары» өтеді.
Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, патриоттық сезімге, еліміздің мақтанышы болуға, Отанды қорғауға және нағыз патриоттың үлгісін қалыптастыруға тәрбиелеу – акияның негізгі мақсаттары. Бұдан өзге, оқушылар Қазақстан тарихында айтулы күндердің мағынасын ашатын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда қоғамдағы ұлтаралық келісіммен, ел тарихымен, мемлекеттік рәміздермен, Конституциямен танысады. Осы орайда арнайы бейнероликтер мен оқу дәрістері әзірленді.
«Білім күні республикамыздың мектептері мен колледждерінде «Ерлік сабақтарын» өткізу үшін ҚР Қарулы Күштерінен барлығы 1 300-ден аса әскери қызметші қатысатын болады», - делінген хабарламада.
Аталып өткендей, сабақтарды өткізуге ҚР ҚК генералдары, офицерлері мен сержанттары, сонымен қатар Қорғаныс министрінің орынбасары, ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшыларының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлерінің қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлері қолбасшыларының орынбасарлары, сондай-ақ әскери бөлім командирлері қатысады.
Сонымен қатар, ШҚО-да 22 мың оқушы тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттады. Білім күні Шығыс Қазақстан облысында 176 мың оқушы білім алуға бет бұрды, оның ішінде 22108 оқушы тұңғыш мектеп табалдырығын аттады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Өткен жылы мектепке 171 мың оқушы барса, биыл олардың саны 6846 адамға көп. 8748 оқушы 11-сыныпқа көшті.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 674 мектеп оқушыларды қабылдайды. ШҚО-ның барлық мектептері жаңа оқу жылына қатысты тексерістен өтті. Жыл соңына дейін тағы 7 білім беру мекемесін ашу жоспарланған.
Айта кетейік, Білім күні «Мектеп оқулығы» республикалық акциясының аяқталуы өтеді. Салтанатты шарада барлық бастауыш сынып оқушыларына ҚР Президентінің атынан «Менің Отаным-Қазақстан» кітабы беріледі.
