СҚО полицейлері үш күн ішінде 1000 астам контрафактілік DVD-дискілерді тәркіледі

«Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында солтүстікқазақстандық полицейлер облыстық прокуратураның қызметкерлерімен бірлесіп контрафактілік өнімдерді дайындау және сатумен заңсыз айналысып жүрген тұлғалардың қылмыстық әрекетін анықтау мен әшкерелеу бойынша 24 рейдтік іс-шара жүргізді.
Аудио-бейне өнімдерін сату орындары, 20 компьютерлік клуб, 8 интернет-кафе, кабельдік және жерсеріктік телевидение орнататын 4 фирма-оператор тексерілді. Тексеру барысында ҚР ҚК 198-бабы бойынша контрафактілік өнімдерді таратудың 17 фактісі анықталды және ҚР ҚК 206-бабы бойынша 1 факті анықталды.
СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мыңбай Асылбековтің айтуынша, заңсыз айналымнан 1012 контрафактілік DVD дискі алынды. Еркін айналымға шығаруға тыйым салынған тауарларды сатумен айналысып жүрген 18 тұлға белгілі болып, есепке алынды. Аталған операцияның мақсаты – интеллектуалдық меншік саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесуде өзара іс-қимыл механизмдерін құру. Келтірілген залалдың сомасын анықтау мен процессуалдық шешім қабылдау мақсатында қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жәмилә Қамзенова, СҚО ІІД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
