Мазмұнға өту

Жаңа

El.kz редакциясы оқырмандарын білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылы қандай болады деген сұраққа жауап іздеді

Бүгін – Білім күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес бұл күні республика көлемінде атап өтіледі.

Биылғы оқу жылында қандай өзгерістер, жаңашылдықтар болады? Осы сауалға жауап іздеу мақсатында жақында ғана ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов BNews.kz порталының студиясында «Жаңа оқу жылы қандай болады?» тақырыбында өткен онлайн-конференциядағы сұрақ-жауапқа шолу жасап, білім саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде сөз болған мәселелерге тоқталып өтейік.

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов:


0
0
1185

Павлодар облысында дәрігерлік амбулатория мен жалпы білім беру мектебі ашылды

Павлодар облысында екі әлеуметтік маңызы бар нысан – дәрігерлік амбулатория және жалпы білім беру мектебі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі. Ақсу қаласының ауылдық аймағы Жолқұдық ауылында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен дәрігерлік амбулатория салтанатты түрде есігін айқара ашты. Жаңа дәрігерлік амбулатория «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емхана» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларын іске асыру аясында салынып отыр. Дәрігерлік амбулаторияның құрылысын мен құрал-жабдығына жергілікті бюджеттен 110 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауылдық амбулатория ауысымына 100 адам қабылдауға есептелген. «Жолқұдық ауылының барлық тұрғындарын жаңа амбулаторияның ашылуымен құттықтаймын. Бұл дәрігерлік амбула…

0
0
235

NITEC ашық үкіметті енгізу жөніндегі жұмыс кездесуі өтті

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстанда ашық үкіметті енгізу жөніндегі жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлады ведомство. Мәжіліс ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетінің төрағасы, сондай-ақ 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыру бойынша Модернизациялау жөніндегі ұлттық комиссияның есеп беруге міндетті мемлекетті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының «Ашық үкіметті енгізу» кіші тобының жетекшісі М. Әшімбаевтің қатысуымен өтті. Өз сөзінде Әшімбаев «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң жобасы бойынша ендігі оның талқылануы парламентте қыркүйек айының басынан басталатындығы атап өтіп, жұмыс барысы туралы хабарлады. Іс-шара барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдерімен ашық үкімет, ашық НҚА порталдарының жұмысы, МО бі…

0
0
521

Фотокуә. Білім мейрамы

2004 ж. суреттің цифрлы көшірмесін сканерде жасағанда -қағаздағы суреттің түпнұсқасының элементтері құрама бөліктерге сапалы жіктеліпті. Сол кезде компьютер экранында суреттің ұсақ детальдері анық көрінді. Түстерді сәл өңдедім. Жалпы фотосуре туралы не білемін? 1927 ж түсірілген (сол тұста жасалған фотосурет дейік). Фотосуреттегі кімдер? Жауабы белгілі: -Мектеп алдында тұрған мұғалім(дер) және оқушылар. Алғашында, бірден назарыма түскен сурет элементті. Сол жақ жоғарғы жағында орналасқан араб графикасының негізінде жазылған жазу. Жазудың мазмұны қандай? 1900-1940 жылдың арасында қағаз бетінд тілді түсіруге кемінде үш әдіс қолданған. Бұған дейін осы жайтқа ешқандай мән бермеппін. Қолға нағыз фотоайғақ түсіпті. Яғни, 1927 жылдың төңірегінде тілді қағазға түсу үшін араб графикасы қолданған.…

2
0
1017

Н.Назарбаев: Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы Пәкістанның теңіз порттарына шығуға жол ашады

Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі келіссөздердің қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Брифингте Қазақстан Президенті келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мәселелері қозғалғанын және өңірдің ахуалы, соның ішінде Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы жағдайдың талқыланғанын атап өтті. Мемлекет басшысы көлік-транзит саласындағы ықпалдастықты дамытуға айрықша көңіл бөлінгенін, екі елдің тауар айналымы деңгейін арттырудың осыған байланысты екенін айтты. «Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және Қарақорым жолы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға септігін тигізеді деп санаймын. Сонымен бірге Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы Пәкіс…

0
0
339

1 қазаннан Қазақстан бойынша қызылшаға қарсы вакцина егу басталады

Осы жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанның барлық өңірінде қызылшаға қарсы вакциналау маусымы басталады. ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қызылша жұқтырушылардың саны көп тіркелген соң, қосымша вакциналау маусымы қайта басталмақ. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қазір әлемде қызылша ауруына қатысты жағдай күрделеніп отыр. Қазақстан Республикасында жыл басынан бері қызылша жұқтырған 2283 адам тіркелді. Өкінішке орай, алдыңғы иммундау маусымында вакцина алмаған бір жасөспірім маусым айында қызылша ауруынан көз жұмды. Қызылша ауруының асқынатын бірнеше түрі болады, соның бірі және өте қауіптісі мидың қабынуы. Сондықтан, ата-аналар мен ел азаматтарын вакцинадан бас тартпауға шақырамын. Биыл қосымша имм…

0
0
305

А.Дауылбаев Астанада өтетін ШЫҰ, ТМД БПҮК отырыстары аясында бірқатар кездесулер өткізді

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев алдағы күндері өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 13-ші жиналысы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (ТМД БПҮК) 25-ші жиналысы аясында бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді, деп хабарлады ведомство. Атап айтқанда, еліміздің басты қадағалау ведомствосының басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының бас прокуроры Нур Джалалмен, Беларусь Республикасының бас прокуроры Александр Конюкпен, Өзбекстан Республикасының бас прокуроры Ихтиёр Абдуллаевпен, Қытай Халық Республикасының бас прокуроры Цао Цзяньминмен кездесті. Өткізілген кездесулердің басты тақырыбы ШЫҰ және ТМД БПҮК аясындағы ынтымақтастық мәселелері болды. Тараптар өзара құқықтық көмек, прокурорлық қызметтің бағытт…

0
0
374

Елбасы барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Бүгін ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Біз барын бағалап, қадірлей біліп келе жатқан еліміз. Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата заң тәуелсіздіктің бізге берген теңдессіз тартуы болып саналады .Сан буын ұрпақ алмасса да ескірмейтін, жыл өткен сайын жаңғыра беретін құндылықтардың жинағы. Мемлекетіміздің алтын қазығын қадірлеу әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы болып саналады», - деді Елбасы. Мемлекет басшысы Конституцияның әрбір сөзін мүлтіксіз орындап, бұлжытпай сақтасақ, алар асуымыз әрдайым асқақ болатындығын баса атап өтті. «Сол арқылы Мәңгілік Елдің тұғырын нығайтып, шаңырағын биіктете түсеміз. Ата заңымыздың мерейлі б…

0
0
220

ХҚКО БҚОФ-дағы семинар-кеңес

2015 жылдың 27 тамызында Департамент қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында мекеме қызметшілерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттері түсіндірілді.  Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

0
0
209

Туған елім — мақтанышым!

«Отаның-алтын бесігің» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін, кең далалы байтақ өлкені әлемде іздеп таба алмаймыз. Оқырмандарымызға осы байлық туралы айтып қана қоймай, еліміздің әр ауданы туралы деректерге толы альбом жинағын ұсынуға шешім қабылдадық. Назарларыңызға Еl.kz редакциясының жасап шығарған екінші топтамасын ұсынамыз!

0
0
1386