Мәжілісмен Қ.Сүлейменов полиция қызметінде заңдылықты нығайту қажеттігін атап өтті
«Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының мүшесі Қайырбек Сүлейменов Мемлекет басшысының «100 қадам» бес институционалдық реформасына және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрес саласына қатысты тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмыс туралы әңгімеледі, деп хабарлады ІІМ.
Қайырбек Сүлейменов өзінің сөзінде Н.Ә. Назарбаевтың «100 қадам» институционалдық реформасының қажеттілігіне қатысты тапсырмаларын іске асыру бойынша Фракция жұмысы туралы әңгімеледі.
Мәжіліс вице-спикері Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның басшылығымен «Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген қоғамдық бақылауға және ақпаратқа қол жеткізуге қатысты заң жобаларымен жүргізіліп жатқан ауқымды жұмысты атап өтті.
Полиция қызметінде заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында тәрбие жұмыстарын күшейту қажеттілігі туралы да айтылды.
«Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес төрағасы бола отырып, баяндамашы партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарымен күрес саласындағы тапсырмаларын мүлтіксіз орындаудың маңыздылығына, сондай-ақ осы бағытта партия қабылдап шараларға кеңінен тоқталды.
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру кезінде бюджет қаражатын және Ұлттық қор қаражатын жұмсауда заңдылықтың сақталуын партиялық бақылауға алудың өзектілігіне баса назар аударды.
Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметіне шағымдардың азаймай отырғанын атап өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты оларды әділ және уақтылы қаралуына бақылауды күшейтуді, бұл ретте құқық бұзушылардың заңсыз, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан жасалатын заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге шақырды.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қазіргі жағдайда Президенттің талаптарын Қазақстан Республикасы ІІМ жеке құрамының бұлжытпай орындайтындығына сенім білдірді және депутаттық корпустың барлық деңгейлерімен, «Нұр Отан» партиясымен, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуға қашанда дайын екендігі туралы айтты.