Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Шымкентте 147 мыңнан астам оқушы мектепке барады

Биыл бірінші қыркүйекте Шымкент қаласындағы 126 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, онда 147 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Облыс әкімдігі таратқан мәліметтер бойынша, биылғы оқу жылының дайындығын  қаланың жуырда ғана тағайындалған жаңа әкімі  Ғабидолла Әбдірахымов қатаң бақылауда ұстап отыр.

Білім саласына қатысты  мәселелер жуырда ғана өткен Шымкент қаласы әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде де қаралған. Онда толассыз тексерулердің мектептегі берілетін білімнің сапасына кедергі келтіріп отырғандығы айтылған. Шаһар басшысы бұл мәселенің оңтайлы шешімін табуына жеке өзі ұйтқы болмақ.

0
0
292

Осы тақырып бойынша

Шымкентте 147 мыңнан астам оқушы мектепке барады - Yvision.kz