Мазмұнға өту
dvd_sko

SQO PD

@dvd_sko

Сайтта 2013 ж. 29 тамызКазахстан, Петропавловск

Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті / Департамент полиции Северо-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

1 959

пікірлер

3

тіркелуші

14

жазылымдар

2

ІІМ азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізеді

26 қараша, ҚР ІІМ Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні шеңберінде, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығымен ZOOM интернет-платформасында онлайн бейнеконференция арқылы сұрақтар мен өтініштер қабылданатын болады. Жеке қабылдау өткізілетін уақыт: 26 қараша, сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін. СҚО ПД басшылығына 8 (7152) 39-40-20; 8 (7152) 39-41-63 телефон нөмірлері арқылы алдын ала жазылуға болады. Эл. пошта: [email protected] («26 қарашадағы азаматтарды қабылдау үшін» белгісімен). WhatsApp нөмірі: +77084321102.

Тағы: https://polisia.kz/iim-azamattardy-biryngghaj-qabyldau-kunin-otkizedi/?fbclid=IwAR2RZhEaNJf3wOo-1UkjxQVL0s0q5-wP_swQHeLkNWdrJrt0KOKILF94vAU

0
0
246

СҚО-да 17 ЖЫЛ БОЙЫ МАИ-ді БАСҚАРҒАН ВЛАДИМИР БОГДАНОВИЧТІҢ ҚҰРМЕТІНЕ МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА АШЫЛДЫ

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратында милиция полковнигі Владимир Павлович Богдановичке арналған мемориалдық тақтаны ашу рәсімі өтті. Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, облыстық полиция басшылығының қатысуымен өткізілді. СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев ІІО еңбек сіңірген қызметкерлерінің есімдерін мәңгілікке тақтаға қашап жазу – ведомствоның игі дәстүрі болып саналатыны туралы атап өтті. «Бүгінгі таңда Петропавлда түрлі жылдары қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің есімдері бес көшеге берілді. Төрт мемориалдық тақта ашылды: милиция сержанты Юрий Медведевке, милиция старшинасы Василий Малышевке, милиция майоры Алексей Щербаковқа, милиция капитаны Анатолий Добрынинге. Сондай-ақ, СҚО ІІБ екі басты…

0
0
760

СҚО Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтайды (ВИДЕО)

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бас маманы полиция майоры Эльмира Валиулина Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтайды!

СҚО Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтайды:

#5қыркүйек #SQO_PD

0
0
224

ПЕТРОПАВЛ қ. ПБ ФРОНТ-ОФИСІНЕ БІР ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ 30 МЫҢНАН АСА АДАМ ЖҮГІНДІ

2018 жылы қарашада Петропавл қ. Полиция басқармасында фронт-офис ашылып, полиция бөліністерінің қызметкерлері азаматтарды қабылдауды жүргізе бастады. Бір жылдың ішінде ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін 30 мыңнан аса сұрақ келіп түсті. Қазір ішкі істер органдарының қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қараудың жаңа форматына көшті. Осы орайда, халықпен кері байланысты дамыту жөніндегі жоба аясында алғашқы рет фронт-офисте қалалық полиция басшылығымен онлайн-диалог өткізілді. Желі қолданушыларының сұрақтарына әлеуметтік желілердегі СҚО ПД аккаунттарының тікелей эфирінде облыс орталығындағы жедел жағдай туралы Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов, сондай-ақ СҚО ПД басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл сұрақтарына жауап берді.Ті…

0
0
434

СҚО-ның ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АЛҒАШҚЫ ОФИЦЕР АТАҚТАРЫН АЛДЫ

Нұсқаулық жүргізу, қызметте көзге түскен қызметкерлерді марапаттауды облыстық полиция ведомствосының басшылығы өткізеді. Өткен жұма күні 100-ден аса полицей, әскери қызметші және күзет құрылымдарының қызметкерлері кешкі қызметтерін Қазақстан Конституциясы көшесіндегі Тәуелсіздік стелласынан бастады. «Құқықтық тәртіп қызметкерлеріне азаматтардың сенімі – қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Осындай көпшілік алдында өткізілетін іс-шаралар – жұмыстың ашық форматына тағы бір қадамды көрсетеді», - деп атап өтті СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев. Облыстық полиция ведомствосының қызметке кірісуге бұйрық берместен бұрын қылмысты ашуда және құқық бұзушыларды ұстауда көрсеткен кәсібиліктері үшін полиция офицерлері мен сержанттарына алғыс…

0
0
371

СҚО полицейлері Арыс қаласында зардап шеккендерге біркүндік жалақыларын аударады

Еліміздің оңтүстігіндегі қайғылы оқиғаларға байланысты СҚО ПД зардап шеккендерге қаражат жинауды қолдады. «Бұл күндері еліміз осындай төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен қандастарымыздың өмірі үшін алаңдауда. Біз кез келген көмекке мұқтаж отандастарымызға қолдау көрсетуді азаматтық борышымыз деп санаймыз», - деді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.

Еліміздің шалғайында жатқан солтүстікқазақстандық полицейлер материалдық көмек көрсетуге бастамашылық етті. Полиция бөліністерінің бастықтары біркүндік жалақыларын аударады. Жеке құрам да Түркістан облысында зардап шеккендерге қол ұшын созуға дайын екендігін білдірді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
281

СҚО қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді құрметпен еске алды

Іс-шара қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев, ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция бөліністерінің басшылары ерлікпен қаза болған қызметкерлерді 1 минут үнсіздік жариялап құрметпен еске алды. Қылмыспен күресте өмірлері үзілген ІІО сегіз қызметкерінің бейнесі облыстық полиция ведомствосы ғимаратының жанындағы ескерткіште сақталған. Тәртіп сақшыларын мерекемен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады. «Сіздердің қызметтеріңіз қаншалықты қиын әрі қауіпті екенін білеміз, сондықтан жұмыстарыңызға, полиция органдарының материалдық және техникалық жабдықталуына ерекше көңіл бөлеміз. Құқық қорғау органдарының қызметі – қоғам тарапынан сенім деңгейін арттырудың…

0
0
473

СҚО-да құрамында психотропты заттар бар дәрі-дәрмекті сатқаны үшін фармацевт айыппұл төлеуі мүмкін

Операцияның негізгі бағыты – құрамында есірткі заты бар дәрі-дәрмектер мен есірткі заттары прекурсорларының заңды айналымы қағидаларын сақтауды бақылау. Тәртіп сақшылары дәріханалар, медициналық мекемелер, өндірісте қышқылдарды пайдаланатын кәсіпорындарды назарға алды. Іс-шараны өткізу кезеңінде 9 килограмнан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 20 таблетка психотропты заттар мен құрамында есірткі заты бар дәрілік препараттардың 100 ампуласы алынды. Анықталған құқық бұзушылықтың бірі психотропты зат бар дәрілерлерді рецептісіз босатумен байланысты болды. Осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды. Тағы бір құқық бұзушылық – құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік препараттардың ампулаларын уақтылы жоймау.…

0
0
813

Солтүстікқазақстандық полицейлер биылғы жылы іздеу жарияланған 30 қылмыскерді іздестірді

«Өткен жылдары жасалған және «ізін суытпай» ашылмаған қылмыстарды ашу ерекше бақылауда. Сондай-ақ, анықталған, бірақ сот пен тергеуден жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстау жедел уәкілдер жұмысының басым бағыттарының бірі», - деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов....Жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде автокөліктерді айдап әкетумен айналысқаны үшін іздестірілудегі Петропавл қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның мойнында осындай 6 факті бар. Тәртіп сақшылары оны Павлодар қаласында құрықтады. Үстіміздегі жылғы көктемде қаскөй бір түннің ішінде бөтен 6 көлікті айдап әкеткен. Көліктерді бірінен соң бірін мініп, тоқтаған жеріне қалдырып кетіп отырған.Қазір солтүстікқазақстандық полицейлер 36 қылмыскерді іздестіруде. Олардың көпшілігі өткен жы…

0
0
248

СҚО-да солтүстікқазақстандық полицияның батырлары велошеруге шықты

100 астам полиция қызметкерлері мен олардың балалары, ішкі істер органдарының ардагерлері жарыс жолына шықты. Велошерудің шымылдығын полиция қызметкерлерінің үш дөңгелекті велосипедтер мен өздігінен самокаттарды мінген жас бүлдіршіндері ашты. Оларды екі доңғалақты велосипедке отырған ересек балалар мен веломектептің тәрбиеленушілері қолдады. Мәре сызығында бүлдіршіндерді Әйелдер кеңесі дайындаған сыйлықтар күтіп тұрды. Шараның басталар сәті де келіп жетті. Велошерушілердің көшін облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев бастады. «Дене шынықтыру – құқықтық тәртіп органдары қызметкерлерін кәсіби даярлаудың кепілі. Осындай жаппай іс-шара арқылы біз бойымызда күш біріктіру мен дене шынықтыру дайындығын қалыптастырамыз...», - деп айта кетті ведомство басшысы, с…

0
0
469