ҚР Парламенті Алматы қаласындағы ДДҰ–ның МСАК бойынша географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады
Бүгін Парламент Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады. ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша (ары қарай - МСАК) тұңғыш офисі әлемнің 53 елі кіретін ДДҰ Еуропа аймағы үшін денсаулық сақтау саласының аталған бағытын дамыту бойынша зерттеулер жүргізіп, ұсынымдар жасаумен айналысатын болады. Бұл Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меңгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және МСАК бойынша үздік әлемдік тә…