Көпшілік алдында сөз сөйлеу біліктерін арттыратын семинар-тренинг
Петропавл қаласында қыркүйектің 17-18 аралығында Нұр Отан партиясының политикалық менеджмент мектебінің жаттықтырушылары партияның өңірлік және аумақтық филиалдарының қызметкерлеріне, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына және әкімдіктер өкілдеріне арналған көшпелі тренинг-семинарларын өткізді. Тренинг көпшілік алдында сөз сөйлеу біліктері мен партия жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді. Бұл жолы қатысушыларды Есенгариев Есет Жемісбекұлы мен Сариева Жанель Таумұратқызы жаттықтырды. Оның барысында қатысушылар өздерін еркін ұстап, пікірлерін ашық түрде білдіре алды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, екі түрлі тренингке қатысты. Бірінші күні ол ойын түрінде өткізіліп, қатысушылар бойларын сергітіп алуға мүмкіндік алса, екінші күні теорияға баса назар аударылып, олар өздері үшін пайдалы әрі қызықты мәліметті анықтады. Бұл көшпелі семинар-тренингтің берер пайдасы, шынымен де, мол, себебі көпшілік алдында сөйлеп, қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алу – бүгінгі таңда өте акуталды мәселелердің бірі. Сондықтан бұл екі күн әрбір қатысушыға ұмытылмас естелік сыйлап, болашақта жаңа белестерді бағындыруға көмектесер тәжірибе де болмақ. Соңында қатысушылар шағын тестілеуден өтіп, тренинг сертификаттармен марапаттау салтанатымен аяқталды.
------------------------------------------------------------------------------------------
17-18 сентября в городе Петропавловск тренеры школы политического менеджмента Партии «Нұр Отан» провели выездные семинар-тренинги для работников региональных и территориальных филиалов партии, председателей первичных партийных организаций и представителей акиматов. Цель тренинга заключалась в улучшении ораторских навыков и эффективности работы партии. В этот раз тренинг проводили Есенгариев Есет Жемисбекович и Сариева Жанель Таумуратовна. На тренинге участники чувствовали себя комфортно и могли свободно выражать свои мысли. Они поделились на две группы, что позволило им участвовать на двух тренингах. Если в первый день тренинг проводился в игровой форме, и у участников была возможность расслабиться и поднять настроение, то на втором тренинге внимание уделялось теоритическим знаниям и участники почерпнули интересную и полезную информацию. Семинар-тренинг действительно был очень эффективным для каждого участника, так как тема ораторского искусства очень актуальна на сегодняшний день. Поэтому эти два дня подарили каждому участнику незабываемые воспоминания, а также опыт, который в будущем поспособствует достижению новых целей. В конце участники прошли небольшое тестирование. Завершением тренинга была церемония вручения сертификатов.


