Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Самұрық-Қазына» белсенді инвестор болуды жоспарлауда

Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде «Самыруқ қазына» Қоры пассивті акционер рөлінен белсенді инвестор рөліне өтді жоспарланып отыр, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Соңғы үш жыл ішінде экономикалық өсуді қолдау бағытында Қор 15,7 мыңнан астам уақытша және 7,1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, $6,9 млрд  сомаға 35 жобаны пайдалануға енгізді. 2015 жылы шамамен 11 мыңнан астам уақытша және шамасы 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құра отырып, $5,9 млрд сомаға 20 жобаны пайдалануға енгізу жоспарлануда», - деді Б.Бейсенғалиев.

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» инфрақұрылмдық бағдарламасының шеңберінде 7 жоба іске асырылуда – Атырауда мұнай химия өндірісін дамыту үшін  еркін экономикалық аймақты құру.

«Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде Қордың пассивті акционер рөлінен белсенді инвестор рөліне өтуі жоспарланып отыр.  Бұл өндіруші емес секторлардағы инвестицияларды ұлғайта отырып, экономиканың басым секторларына қаражат салуды білдіреді.  Жобаларды іріктеу кезінде Қазақстанның экономикасын әртараптандыру, инновациялық құрамдауышы бар жаңа өндірістерді құру, сондай-ақ жаңа технологиялар трансфері басымды болады», - деп толықтырды Б. Бейсенғалиев.

«Басқару деңгейін қысқарту жоспарлануда. Бүгінде бізде басқарудың 9 деңгейі бар. Сондықтан біз басқару деңгейін 9 –дан 4-ке дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Қысқарту қордың компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар санына да қатысты», - деп хабарлады Б. Бейсенғалиев.

Өз сөзінде спикер атап өткендей, Елбасы тапсырмасы бойынша компаниялар екі есе қысқартылады.

«Компаниялар санын қысқарту деген, компаниялар қысқарып, адамдар жұмыстан шығарылады дегенді білдірмейді. Үлкен жұмыс жүргзіледі, үлкен зерттеулер жүргізіліп нарыққа еркін жіберуге болатын жобалар нарықтық шарттармен саудағы шығарылады және олар өз жұмыстарын өз бетінше жалғастыра алатын болады», - деп түсіндірді Б.Бейсенғалиев.

Бейсенғалиевтың айтуынша, ИИДМБ шеңберінде «Самұрық-Қазына» жалпы $24,1 млрд сомаға 11 жобаны іске асырады, ол Индустрияландырудың республикалық картасына елдің барлық жобалары инвестицияларының жалпы көлемінің 73%-ын құрайды.

«Осы жобаларды іске асыру 23 мыңнан астам уақытша және 4,4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Индустрияландыру күні Елбасы Қазақстан бойныша 8ірі жобаны іске қосты, олар «Самұрық-Қазынының» еншілес компанияларына тиесілі болатын», - деді Б.Бейсенғалиев.

Ақпарат көзі

 

0
0
443

Осы тақырып бойынша

«Самұрық-Қазына» белсенді инвестор болуды жоспарлауда - Yvision.kz