ВАК отырысында құрылыс саласындағы реттеуші құралдарды талдау мәселелері қаралды
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, отырыс барысында құрылыс саласындағы жаңа реттеуші құралардың әсерін талдау нәтижелері қаралды. Аталған жаңашылдықтар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық қауымдастықтар тарапынан оң тұжырымға ие болды. Аталып өткендей, отырыс қатысушылары келесі реттеуші құралдарды енгізуді мақұлдады: тапсырыс берушілердің функцияларын жүзеге асыруға және құрылыс нысандарын өткізуге арналған құрылыс жобаларын басқару бойынша инжинирингтік компанияларды аккредиттеу; ғимараттар мен құрылыстарды техникалық бақылау және сенімділік пен орнықтылықты техникалық зерттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар…

